О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 29 января 2024 года № 30 «Об утверждении положения о государственном учреждении «Управление земельных отношений Восточно-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы
№ 30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 30 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тараудың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Борис Керімбаев көшесі, 19».
2-тараудың 12-тармағы мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
4) өз құзыреті шегінде жер қатынастары саласында цифрлық құралдарды енгізу, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
5) инвестициялық қызметтің дамуына ықпал ету.».
3-тараудың 17, 19-тармақтары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жариялау үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жер қатынастары мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.