О признании утратившим силу постановление акимата области Абай от 29 февраля 2024 года № 54 «Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта по области Абай на 2024 - 2026 годы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2024 - 2026 жылдарға арналған Абай облысы бойынша спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 54 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2024-2026 жылдарға арналған Абай облысы бойынша спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 54 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 193889 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;
Тармақша 2
2) осы қаулының Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.