О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 29 марта 2024 года № 8-13-1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7743-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары»;
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
3 тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 4-1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін есептейді.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.