О признании утратившим силу решения акима города Сатпаев от 29 января 2025 года № 1 «Об образовании избирательных участков по городу Сатпаев» Қолданыста
Басқа 0
Сәтбаев қаласы әкімінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 1
«Сәтбаев қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы»
шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 1 тармағына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сәтбаев қаласы әкімінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы №1 «Сәтбаев қаласы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 177-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сәтбаев қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық
аумақтық сайлау комиссиясы