О внесении изменения в постановление акимата от 29 декабря 2025 года № 2194 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий акимата города Костаная» Қолданыста
Басқа 0
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін айқындау туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 2194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін айқындау туралы» 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 2194 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмесінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Қостанай қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «02» сәүрдегі
№ 513 қаулысына
қосымша
Қостанай қаласы әкімдігінің
2025 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2194 қаулысына
қосымша
Қостанай қаласы әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
№ р/с
Ұйымның атауы
Таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
1
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қалалық мәдениет және демалыс паркі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
мемлекеттік кәсіпорынның таза кіріс сомасының 10% мөлшерінде
2
Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
мемлекеттік кәсіпорынның таза кіріс сомасының 10% мөлшерінде