О внесении изменений в решение Кербулаского районного маслихата от 29 августа 2025 года № 27-213 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Кербулаского района» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 тамыздағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 27-213 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 тамыздағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 27-213 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 213722 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: басшылыққа алады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі: 1) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні; 2) 26 сәуір - Халықаралық Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күні; 3) 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні; 4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні; 5) 10 қазан – Мүгедектігі бар адамдар күні. 7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «6) Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы): әлеуметтік маңызы бар оның ішінде: туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш, ай сайын; адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, ай сайын; 7-тармақтың 9)-10) тармақшалары алып тасталсын; 7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерінің біріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емделуге алып (еріп) жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде әлеуметтік көмек; 7-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын; 7-тармақтың 13)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 13) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет. 7. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. 1. Жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек: 1) осы қағиданың 7-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға; 2) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған тұлғаларға.»
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.