О внесении изменения и дополнения в постановление акимата Туркестанской области от 29 апреля 2025 года № 86 «Об утверждении Регламента аппарата акима Туркестанской области» Қолданыста
Басқа 0
«Түркістан облысы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 86 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Түркістан облысы әкімі аппаратының Регламентін бекіту туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 86 қаулысына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Түркістан облысы әкімі аппаратының регламенті» деген қосымшасында:
келесі редакциядағы 21-1-тармақпен толықтырсын:
Тармақ 21-1
«21-1. Салалық бөлімдер кәсіби мерекелер, оларға қатысты іс-шаралардың өтуі туралы ақпаратты Аппарат басшысына 5 (бес күн) бұрын хабарлайды, тиісті материалдарды әзірлейді.
Облыс әкімдігінің басшылығы кәсіби мерекеге қатысатын жағдайда, салалық бөлімдер басшылықтың қатысуын ұйымдастырады және іс шараны өткізуіне байланысты өзге де тиісті жұмыстарды жүзеге асырады.»;
48-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
Тармақ 48
«48. Бөлім басшылары Үкімет мәжілісіне дейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларымен, ал облыс әкімінің орынбасарлары облыс әкімімен келісуі тиіс және келісілген материалдарды Жиынтық бөліміне беруге міндетті.».
Тармақ 2
2. «Түркістан облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.