О внесении изменений в решение Талдыкорганского городского маслихата от 29 апреля 2026 года № 53-290 «Об утверждении минимального размера расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума по городу Талдыкорган на 2026 год» Қолданыста
Басқа 0
Талдықорған қалалық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі № 53-290 «Талдықорған қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2026 жылға бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі 53-290 «Талдықорған қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін 2026 жылға бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Талдықорған қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы.
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2026 жылға арналған Талдықорған қаласы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төменгі мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 0,0081 мөлшерінде, яғни айына пайдалы алаңның бір шаршы метрі үшін 35 (отыз бес) теңге көлемінде бекітілсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.