Об утверждении Положения (стандарта) бухгалтерского учета 29 "Учет затрат на научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бухгалтерлік есептің 29 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесін (стандартын) бекіту туралы Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күші бар Жарлығына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Бухгалтерлік есептің 29 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесі (стандарты) (бұдан әрі - Ереже) (стандарт) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ереже (стандарт) ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу әдістемесін айқындайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы басқармасы Ережені (стандартты) заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ереже (стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 551 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 24 қарашадағы N 168 бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші қаржы вице-министрі Ж.Ж.Ертілесоваға жүктелсін.
Басқа 7. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындар есебі 29 бухгалтерлік есебінің Ережесі /стандарты/ Мақсаты және қызмет ауқымы
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 19.05. N 210 бұйрығымен бекітілген Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындар есебі 29 бухгалтерлік есебінің Ережесі /стандарты/ Мақсаты және қызмет ауқымы Ескерту: Стандарттың барлық мәтiнi бойынша "субъектiлер", "субъект", "субъектiнiң" деген сөздер "ұйымдар", "ұйым", "ұйымның" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен .
Тармақ 1
1. Бұл Ереже /стандарт/ оларды тану мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-кострукторлық жұмыстарға жұмсалатын шығындарды есептеу әдiстемесiн анықтайды.
Тармақ 2
2. Ереженi/стандартты/ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды есептеуде барлық ұйымдар * қолданады. Егер, ұйым ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды шарттар бойынша өзге ұйым үшiн мұндай жұмыстармен байланысты тәуекелдер мен экономикалық пайдаларды тапсырысшы көтеретiндей шартпен жүргiзсе, онда мұндай жұмыстарды жүргiзетiн ұйым бұл шығындарды "Тауарлы-материалдық қорлардың есебi" 7-БЕС немесе "Күрделi құрылыс мердiгерлiгiнiң шарттары" 12-БЕС сәйкес есептейдi. Тәуекелдер мен экономикалық пайданы алушы шығындарды осы Ережеге /стандартқа/ сәйкес есепке алады.
Тармақ 3. Анықтамалар
3. Ереженiң /стандарт/ қызмет аясына өнеркәсiптiң өндiрушi салаларындағы мұнай, газ және минералдық кен орындарындағы барлау және өңдеу жұмыстарына шығындар қарастыру енбейдi, алайда бұл Ереже /стандарт/ осы салалардағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға пайдаланыла алады. Анықтамалар
Тармақ 4
4. Ғылыми-зерттеу жұмыстары - жаңа ғылыми немесе техникалық бiлiмдер мен түсiнiктер алу мақсатында жүргiзiлетiн жоспарлы зерттеулер.
Тармақ 5. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындардың құрамдас бөліктері
5. Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар - ғылыми-зерттеу немесе басқа да бiлiм салаларын пайдалану негiзiнде, оларды коммерциялық пайдаланғанға дейiн, жаңа және барынша жетiлдiрiлген механизмдердi, өнiмдерді, технологияларды, жүйелердi немесе қызметтердi жоспарлау және жобалау. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындардың құрамдас бөліктері
Тармақ 6. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындарды тану Ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындар
6. Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығындары осы жұмыстарды iске асыруға тiкелей байланысты барлық салалар, сондай-ақ қызметтiң осындай түрiне жеткiлiктi негiзде бөлiнуi мүмкiн сомалар енгiзiлуi керек. * 1-сілтеме алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы N 558 бұйрығымен . Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығындарды тану Ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындар
Тармақ 7. Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындар
7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына шығындар олар шыққан есептi кезеңде танылады және кейiнгi есептi кезеңдердiң активi болып мойындалмайды. Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындар
Тармақ 8
8. Тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды егер олар 9 тармақшада анықталған активтердi тану шарттарына жауап бермесе ғана сол есептi кезеңнiң шығыны деп тану керек. Әуел баста шығын ретiнде танылған тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды кейiнгi есептi кезеңдерде актив ретiнде мойындауға болмайды.
Тармақ 9
9. Егер тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың шығындары төмендегi талаптарға жауап берсе, оны актив ретiнде тану қажет:
Тармақша 1
1) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға шығындарды үлкен сенiмдiлiкпен анықтауға болады;
Тармақша 2
2) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар өнiмiнiң техникалық орындалуы көрсетiлуi мүмкiн;
Тармақша 3
3) ұйым тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың өнiмiн өндiруге және пайдалануға ниеттенуде;
Тармақша 4
4) тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар өнiмiн өткiзу рыногының болуы немесе оны субъектiнiң өз iшiнде пайдалану жоспарланса-пайдалылығы көрсетiлуi мүмкiн;
Тармақша 5
5) тиiстi ресурстардың болуы немесе оларды аяқтау, рынокқа шығару мүмкiндiгi, тәжiрибелiк-конструкторлық өнiмiн пайдалану iс жүзiнде көрсетiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда актив ретiнде танылған тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығыны осы жұмыстарға одан әрi жұмсалатын шығындарды алып тастағанда келешектегi экономикалық пайда есебiнен толтырылатын сомадан, тиiстi өндiрiстiк шығындардан, сондай-ақ өнiмдi тiкелей маркетингтеу кезiнде болатын өткiзу және әкiмшiлiк шығындарынан аспауы керек.
Тармақ 10. Ашып көрсету
10. 9 тармақшада анықталған активтi тану талаптарына жауап беретiн тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар шығындарын, материалдық емес актив деп есептеу керек. Ашып көрсету
Тармақ 11
11. Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдар мыналарды ашып көрсетуi керек:
Тармақша 1
1) есепті кезеңде шығыс ретінде танылған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығынының сомасы;
Тармақша 2
2) есепті кезеңде актив ретінде танылған тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығынының сомасы.