О внесении дополнения в Положение о стаже государственной службы для выплаты процентных надбавок за выслугу лет для назначения пенсий государственным служащим Республики Казахстан, утвержденное Указом Президента Республики Казахстан от 3 июня 1996 г. № 3014 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi туралы ережеге толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы
Қаулы етемiн:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 3014 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiне еңбек сiңiрген жылдарына проценттiк үстеме ақы төлеу үшiн мемлекеттiк қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң тәртiбi туралы ереженiң 1 тарауының 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты өкiлеттiгiн жүзеге асырған уақыт кiредi";
9) тармақшадағы "уақыт кiредi" сөздерi алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.