О мерах по реализации Постановления Правительства Республики Казахстан от 3 мая 1996 года № 554 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 24 апреля 1996 года № 2959 "О квоте иммиграции на 1996 год" Қолданыста
Басқа 0
"1996 жылғы көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 сәiрдегi № 2959 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 554 қаулысын жүзеге асыру шаралары туралы
"1996 жылғы көшiп келу квотасы туралы" Қазақстан Рспубликасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 сәiрдегi N 2959 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 мамырдағы N 554 қаулысын орындау мақсатында:
Тармақ 1
1. Қала мен аудандарға көшiп келушiлердiң квотасының бөлiнуi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қала мен аудан әкiмдерi:
- көшiп келушiлердi қоныстандыруды, орналастыруды, жайғастыруды, ұйымдастыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын, көшiп келушiлердiң тұрғын үй салуына және шаруашылық қызметпен айналысуына жер уческелерiн бөлсiн;
- босқын-репантриантардың отбасыларына халықтың тиiстi санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тұрғын үй, отын, электр энергиясы, коммуналдық және басқа қызмет көрсету төлемдерi үшiн жеңiлдiктер қолдансын.
Тармақ 3
3. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Сұлтанов Ж.):
- босқын-репатрианттардың облыс аумағы бойынша жүру жолында және қоныстанған жерлерде жеке бастары мен мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн;
- келген босқын-репатрианттарды дер кезiнде тiркеу мен тұруға рәсiмдеудi ;
- тұрақты тұруға рұқсат алған, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдардың қажеттi құжаттарын рәсiмдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау департаментi /М. МОМЫНОВ/, көшiп келушiлердi мiндеттi түрде байқаудан өткiзудi, қажеттi дәрiгерлiк көмек көрсетудi және емдеу мақсатында аумақтық профилактикалық мекемелерге бекiтудi қамтамасыз етсiн.
Тiлек бiлдiрушiлердi санаториялық-курорттық емдеумен республика азаматтарымен бiрдей негiзде қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық бiлiм департаментi /Н. Байғұтов/, шетелде алған бiлiмдерi туралы құжаттарды олардың Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беру стандарттарына сәйкестiгiн ескерiп, тең дәрежеде деп тануды қамтамасыз етсiн.
Қажет болған жағдайда оларды кәсiптiк оқу орындарына өтпелi оқу жоспарлары бойынша және қысқа мерзiмдi қосымша оқытуды ұйымдастырсын.
Босқын-репантрианттардың балаларын жергiлiктi бюджетте тұратын бiлiм мекемелерiнде тегiн оқыту мен тәрбиелеудi, сондай-ақ ересек халықты қажет болған жағдайда кластар мен мектептер аша отырып, сауаттылыққа оқытуды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық әлеуметтiк қорғау басқармасы /Т. Қосмамбетов/ әлеуметтiк қамсыздандыру, оның iшiнде облысымызға тұрақты тұруға келген босқын-репатрианттарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау мәселелерiн шешсiн.
Тармақ 7
7. Облыстық жұмыспен қамту орталығы-еңбек биржасы /Б.Қуанышбеков/ көшiп келушiлердi жұмыспен тиiмдi қамту мақсатында жұмысқа жарамды отбасы мүшелерiн дайындау, қайта дайындау, мамандықтарын арттыру шараларын қабылдасын.
Тармақ 8
8. Облыстық еңбек басқармасыв /А. Ахметоа/, көшiп келу мәселелерiн үйлестiру жұмыстарын және осы шешiмнiң орындалуы туралы әр тоқсан сайын облыс әкiмшiлiгiне ақпар берiлiп тұруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.К. Колесниченкоға жүктелсiн.
Басқа 10
Облыс Әкiмiнiң 1996 жылғы
17 маусым N 117
шешiмiне N 1 қосымша
Шет елдерден көшiп келудiң 1996 жылға арналған
К В О Т А С Ы
/отбасы/
---------------------------------------------------------------------------
Көшiп келушiлер: Тәжiкстан : Түрiкмен-: Өзбекстан : Барлығы
жiберiлетiн : республи- : стан Рес-: республика:
аудандар мен : касынан : публикасы: сынан :
қалалар : : нан : :
--------------------------------------------------------------------------
Арыс -- 10 -- 10
Қазығұрт 10 -- -- 10
Ордабасы -- 20 -- 20
Сарыағаш -- -- 150 150
Түлкiбас 10 10 -- 20
Шымкент қаласы -- -- 50 50
Барлығы 20 40 200 260
---------------------------------------------------------------------------