О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 марта 1997 г. N 290 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 290 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 71-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеде:
5-тармақтың 5-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер мен нормаларды, сондай-ақ еңбектi қорғау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қойылатын ұйымдастыру-әдiстемелiк және жалпы техникалық талаптарды;
еңбек жөнiндегi нормаларды, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығын (БТБА), Қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығын (БА), Жұмысшылар кәсiптерiнiң және қызметшiлер лауазымдарының жiктегiшi (ҚДЖ), ұйымдастыру, нормалау және еңбек ақы төлеу мәселелер жөнiндегi нұсқаулықтарды өз құзыретiнiң шегiнде белгiлеу және бекiту".