О внесении изменений и дополнения в приказ Министра государственных доходов Республики Казахстан от 3 сентября 1999 года N 1089 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 3-қыркүйектегі N 1089 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Алкоголь өнімін акциздік төлем маркілерімен таңбалау және акциздік төлем маркілерінің қозғалысына бақылау жасау, сондай-ақ акциздердің бюджетке уақтылы және толық түсу процесін жетілдіру мақсатында Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1089 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) "арақтар" сөзінің атауын "алкоголь өнімі" сөзімен алмастырылсын;
Тармақша 2
2) 1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
Тармақ 1
"1. Отандық өндірістің алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциздік төлем маркілерінде пайдаланылатын ыдыстың сыйымдылықтарын келесідей етіп белгілеу тағайындалсын:
0 л - 0,24 л;
0,25 л;
0,26 л және одан артығырақ.";
Тармақша 3
3) 1-1. тармағы келесі мазмұнмен толықтырылсын:
Тармақ 1-1
"1-1. Акциздік төлем маркілерінде пайдаланылатын ыдыстың сыйымдылықтарын таңбалау белгіленсін:
арақтар үшін 1999 жылдың 6 қыркүйегінен;
күшті алкогольді ішімдіктер үшін 2000 жылдың 10 қаңтарынан.";
Тармақша 4
4) 2 тармақта:
"1999 жылдың 6-қыркүйегі" сөзі "осы бұйрықтың 1-1 тармағында көрсетілген мерзімдерде" сөзімен алмастырылсын";
"арақтар" сөзі "алкоголь өнімдері" сөзімен алмастырылсын;
Тармақша 5
5) 3-тармақтың екінші азат жолы келесі редакцияда баяндалсын:
"пайдаланылатын ыдыстың сыйымдылықтары көрсетілген акциздік төлем маркілерін алу үшін облыстар, Алматы және Астана қалаларының Салық комитеттерінен түсетін тапсырыстарды жинау қамтамасыз етілсін:
арақтар үшін 1999 жылдың қыркүйек-желтоқсанына,
күшті алкогольді ішімдіктер үшін 2000 жылға;".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Әділет департаменті (К.А.Райханова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік министрлігінің Әкімшілік департаменті (С.К.Елшібеков) осы бұйрықты Салық полициясы комитетінің, Кеден комитетінің, Алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымына мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша Салық комитеттерінің бірінші басшыларына жеткізілсін.
Тармақ 4
4. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.