О внесении дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 мая 1999 года N 177 "Об утверждении Правил о порядке формирования, использования и учета средств, получаемых от реализации платных услуг, от спонсорской и благотворительной помощи, депозитных сумм и страховых возмещений государственных учреждений" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: 20-тармақ көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағида мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын: "Түзеу мекемелеріне қаражаттарды депозиттік шоттан ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттардың ағымдағы шотына аударуға рұқсат етіледі. Депозиттік шоттан қаражаттарды ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттардың ағымдағы шотына аудару үшін түзеу мекемелері сотталғандардың өтініштерінің негізінде ақшаны депозиттік шоттан аударуға төлем ведомостерін толтырады және оларды қазынашылықтың аумақтық органдарына береді.";
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.