О внесении дополнений в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 3 мая 1999 года N 177 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы қызмет көрсетуді сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражатты, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомаларын қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағидада:
көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
17 ақылы қызметтер коды бойынша:
1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандар тиісінше "ЖБ 5 2 254 39 30" толықтырылсын;
21 және 22 ақылы қызметтер коды бойынша:
9-бағанда:
"ойлау қабілеті төмен балаларға арналған интернат-үйлерінде" деген сөздерден кейін "психоневрологиялық интернаттарда"деген сөздермен толықтырылсын;
"132" деген саннан кейін "136" деген санмен толықтырылсын;
"146" деген саннан кейін "149" деген санмен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2001 жылғы 2 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.