О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 1999 года N 1854 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1854 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың тәртiбi туралы ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1854 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 528-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттырудың тәртiбi туралы ережеде:
2-тармақтағы "Орталықтан төленетiн ең аз зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi ғана арттырылады" деген сөздер "Орталықтан төленетiн 10000 теңгеден аспайтын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi арттырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi өткен жылғы ең аз зейнетақы мөлшерiнен тұтыну бағаларының болжамдық орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген сомаға арттырылады.";
6-тармақта "ең аз зейнетақы төлемiнiң мөлшерiн" деген сөздер
"зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Арттырылған ең аз зейнетақы төлемiнiң мөлшерiнен кем болатын
зейнетақы төлемдерiнiң толық емес көлемiндегi мөлшерi, Орталықтан
төленетiн арттырылған ең аз зейнетақы төлемінен нақты еңбек стажына
барабар белгіленеді.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.