О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 1999 года № 1645 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында:
"Заңдар, қорғаныс және құқық тәртібі" деген жол мынадай редакцияда
жазылсын:
"Заң бөлімі";
"Заң бөлімі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен
толықтырылсын:
"Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.