О внесении изменений в решение Акима области от 3 декабря 1999 года № 202 «О лицензировании медицинской и фармацевтической деятельности» Күшін жойған
Басқа 0
«Медициналық және фармацевтік қызметтерді
лицензиялау туралы» облыс Әкімінің 1999 жылғы
3 желтоқсандағы № 202 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды –Ақтөбе облысы әкімінің 09.08.2004 № 8 шешімімен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы медициналық және фармацевтік қызметтерді лицензиялау жөніндегі облыстық комиссияның құрамындағы кейбір мүшелерінің басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы жоғарыда аталған шешіммен бекітілген медициналық және фармацевтік қызметтерді лицензиялау жөніндегі комиссия құрамына Задорожный Юрий Николаевич – облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, Төлеуов Жүсіпқали Дәріғұлұлы – облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы бас дәрігерінің орынбасары, Ниетқалиева Қадиша Қазбекқызы – облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің маманы, Смағұлов Қобыланды Еңсепұлы – Ақтөбе облысы бойынша ішкі істер басқармасы әкімшілік қызметінің лицензиялау-рұқсат беру жүйесінің аға инспекторы, Құбатаев Ринат Әминұлы – «Муниципалдық дәріхана» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі алынсын.
Тармақ 2
2. Медициналық және фармацевтік қызметтерді лицензиялау жөніндегі облыстық комиссияның құрамынан Әкімжанов Н. А., Ысқақова Б. Ж., Оңайбаев Е. Ж., Нұржанов С. Ғ., Әдіқалықова Ғ. А. шығарылсын.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.