О внесении изменений и дополнении в решение областного маслихата от 3 декабря 1999 года № II/17 "Об Областном бюджете на 2000 год" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың "2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 1999 жылғы 03 желтоқсандағы N ІІ/17 шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы", Z934100_ "Бюджет жүйесi туралы" Z990357_ және "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы 473-1 ҚРЗZ990473_ Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ: Облыстық мәслихаттың "2000 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 1999 жылғы 03 желтоқсандағы N II/17 шешiмiне бұрындары енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
Тармақ 1
1. 2000 жылға арналған облыстық бюджет кiрiстерi бойынша 626658 мың теңге, алынған ресми трансферттер бойынша 6465551 мың теңге, өтеу бойынша 653098 мың теңге, шығыстар бойынша - 7466599 мың теңге, несиелендiру бойынша - 477088 мың теңге, облыстық бюджеттiң тапшылығы - 198380 мың теңге сомасында, қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. Облыстық бюджет тапшылығының орнын жабу 300000 мың теңге қарыз алу сомасының түсiрiлiмi, қаржылық жылдың басындағы бос қалдықты 351878 мың теңге сомасына кiрiстердi көбейту және жергiлiктi атқарушы органның қарыз алу жөнiндегi негізгі борышын 453498 мың теңгенi өтеу есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Облыстық бюджеттiң кiрістерi "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ мынадай салық түсiрілімдерiнiң есебiнен қалыптастырылады: Ақтау қаласы "МАЭК" РМК салық төлеушінiң төлем көздерiнен ұсталатын, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; мына акциздер: - спиртке; - араққа; - сыраға; - ойын бизнесiне; Мына салық емес түсiрілімдер: - Осы мақсатқа арнап жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алған қаражаты есебiнен аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн несиелер бойынша сыйақылар түсiрілімдерi; - медициналық айықтырғышқа орналастырылған адамдардан төлем түсiрiлiмi; - қылмыстық атқару инспекциясы қызметiнен алынған кiрiстер; - қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер; - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн айыппұлдар.
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалардың жергiлiктi бюджеттерiнiң кiрiстерi, осы шешiмнiң 2 тармағында көрсетiлген кiрiстерден басқасы, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын болып белгіленсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджет шығыстарының қаржылық жылдың басындағы бюджеттiк қаражаттың 351878 мың теңге сомасындағы бос қалдық сомасына көбейтiлгенi, оның облыстық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыруға бағытталатындығы қаперге алынсын.
Тармақ 5
5. 2000 жылға арналған облыстық бюджетке бюджеттiк алу көлемi, 6465551 мың теңге сомасында, эксперимент ретiнде белгіленсiн, оның iшiнде: - Қарақия ауданы - 39820 мың теңге немесе 13 пайыз; - Түпқараған ауданы - 227656 мың теңге немесе 59,3 пайыз; - Ақтау қаласы - 3830023 мың теңге немесе 74,6 пайыз; - Жаңаөзен қаласы - 2368052 мың теңге немесе 81 пайыз. Облыстық бюджетке қалалар мен аудандардың бюджеттерiнен бюджеттiк алулардың мөлшерi қалалар мен аудандар бюджеттерінің кiрiс бөлiгiнен процентпен айқындалып белгiленетiндiгі ескерiлсiн. Бюджеттiк алулардың процентi, Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 Қаулысымен бекiтiлген, бюджеттiк алулардың мерзiмділігiн қамтамасыз етудiң Қағидасына сәйкес, аудандар мен қалалар бюджеттерi мен аудандар мен қалалар бюджеттерінің кiрiстер сомасы үшiн белгiленген бюджеттiк алулар көлемдерi тұрғысынан айқындалып белгiленедi.
Тармақ 6
6. 2000 жылға арналған аудандар бюджеттерiне субвенциялар көлемi 144807 мың теңге сомасында болып белгiленсiн, оның iшiнде: - Бейнеу ауданы - 107219 мың теңге; - Маңғыстау ауданы - 37588 мың теңге.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің "Қарақия ауданына субвенция бөлу туралы" 2000 жылдың 17 сәуiрiндегi N 391 шешімiмен Қарақия ауданына 10000 мың теңге субвенция бөлінгені, оның осы ауданның кірiстер көлемінде ескерілгені қаперге алынсын.
Тармақ 8
8. Жаңаөзен қаласынан басқасы, аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдерi мен олардың бөлiмшелерiн ұстауға арналған жұмсалатын қаражаттың облыстық бюджетте көзделгенi ескерiлсiн.
Тармақ 9
9. "Жергiлiктi деңгейде жалпы бiлiм бере оқыту" жергілікті бюджеттiк бағдарлама бойынша қаражаттың мөлшерi аудандар, қалалар және облыс бойынша мынадай сомадан төмен болмауға тиiс екендiгi ескерiлсiн: мың теңге Бейнеу - 92243 Қарақия - 118831 Маңғыстау - 139690 Түпқараған - 53376 Ақтау қаласы - 561003 Жаңаөзен қаласы - 189150 Облыстық - 13278
Тармақ 10
10. Облыстық бюджеттен бөлiнетiн, "Селолық жердегi амбулаториялық ұйымдарға алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету" жергiлiктi бюджеттiк бағдарлама бойынша қаражаттың мөлшерi 50651 мың теңгеден төмен болмауға тиiс екендiгi ескерiлсiн.
Тармақ 11
11. Облыстық бюджеттiң құрамында республиканың iшiнде емделуге жiберiлетін ауру адамдардың жол жүруiн өтеу жөнiнде 1999 жылғы кредиторлық берешектi есепке ала отырып 3000 мың теңге сомасында шығыстар көзделсiн.
Тармақ 12
12. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi бюджеттерiнде мыналарға арналған жұмсалатын қаражат көздесiн: - кәмелетке толмаған балалары бар тұрмысы төмен отбасыларына, тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй көмегiн, сәби туғанға арналған, жұмыс iстеп кеткен азаматтар мен жұмыссыз адамдарға және ҰОС қатысушыларына, ҰОС мүгедектерiне және ЧАЭС мүгедектерiне тiс протезiн салу жәрдем-ақылары бойынша әлеуметтiк көмек көрсетуге; - қоғамдық жұмысты, кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауды, жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға ықпалды жәрдемдесудi, жұмыссыздарға облыс әкiмiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы" 01 қыркүйек 1999 жылғы N 208 шешiмiмен белгiленген мөлшерде, жұмыссыздарға (кедейлерге) материалдық көмектi қоса алғанда, жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыруға; - өзге адамдардың тарапынан көмекке мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк жәрдемақының үстiне, күтуге арнап қосымша үстемеақы ретiнде жергiлiктi деңгейдегi мүгедектердi әлеуметтiк қолдауға.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған тiзбе бойынша әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, олардың тұрғын үйiн ұстауға және коммуналдық қызметке ақшалай өтемақысының облыстық бюджетте және Жаңаөзен қаланың бюджетiнде көзделгені ескерілсін.
Тармақ 14
14. "Әлеуметтік-мәдени мекемелердің қызметкерлерінің еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы 484-1 Заңына сәйкес, селолық жерде тұратын және жұмыс істейтін, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті өкілді органдардың шешімімен мыналар белгілене алатындығы қаперге алынсын: Қалалық жағдайда қызметiнiң осы түрiмен шұғылданатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда кесiмдi жалақы мен тарифтiк ставканы кемiнде 25 процентке арттыруды; Отын сатып алуға арнап 1000 теңге мөлшерiнде бiржолғы ақшалай төлем жасауды. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi жоғарыда аталған төлемдердi 2000 жылға арналып көзделген жұмсалатын қаражат шегiнде қамтамасыз етсiн.
Тармақ 15
15. Облыс әкiмiнiң "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты iс-шараларды өткiзу туралы" 2000 жылдың 12 сәуiрiндегi N 389 шешiмiмен iшкi iстер бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiне ақшалай өтемақы жөнiндегi шығыстарды азайту есебiнен Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығына арналған iс-шараларды өткiзуге арнап 11600 мың теңге сомасында жұмсалатын қаражаттың бөлiнгенi ескерiлсiн. Қысқартылған шығыстар толық көлемде қалпына келтiрiлсiн. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығына арналған iс-шараларды өткiзуге арналған шығыстардың облыстық бюджеттен берiлген сомадан төмен емес шекте аудандар мен қалалардың бюджеттерiнде көзделетiн болатындығы қаперге алынсын.
Тармақ 16
16. Қалалық маңызды жолдарды қайта жаңартудың Ақтау қаласының бюджетiнен қаржыландырылатындығы ескерiлсiн.
Тармақ 17
17. Бағдарлама әкiмшісi - шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi басқармасына, шағын және орта бизнестi дамытуға байланысты iс-шараларға арнап 50000 мың теңге, оның iшiнде бұрындары берiлген несиелер бойынша түсiрiлiмдер есебiнен 10000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн.
Тармақ 18
18. Облыс әкiмiнiң резервтiк қоры 60000 мың теңге сомасында бекiтiлсiн, соның iшiнде: - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де ойластырылған шығыстарға - 30000 мың теңге; - соттардың шешiмдерi бойынша облыстық органдардың мiндеттемелерiн өтеуге 10000 мың теңге; - өзге де ойластырылмаған шығыстарға 20000 мың теңге.
Тармақ 19
19. Бағдарлама әкiмшiсi - облыс әкiмiнің аппаратына инвестициялық бағдарламаларды iске асыруға арнап бұрындары берілген несиелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың борышын өтеуге арнап 520208 мың теңге жұмсалатын қаражат көзделсiн, соның iшiнде: - жергілікті атқарушы органның негізгі борышын өтеу - 453498 мың теңге; - борышқа қызмет көрсету жөніндегі шығыстар - 66710 мың теңге.
Тармақ 20
20. 2000 жылдың 31 желтоқсанына жергілікті атқарушы органы борышының шегі 362000 мың теңге мөлшерінде белгiленсiн.
Тармақ 21
21. Бағдарлама әкiмшісі - облыс әкiмiнiнiң аппаратына жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қарыз алу шегі - 300000 мың теңге сомасында белгiленсiн. Облыс әкiмiнiң орынбасары Е.О. Рахметов және облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы (Қ.Т. Елеусiнов) 2000 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың тартатын қарыз қаражаты есебiнен несиелендiрiлетiн және қаржыландырылатын, аймақтық инвестициялық бағдарламалардың тiзбесiн әзiрлеп жасасын және белгiленген тәртiппен облыс әкiмiнiң қарауына енгiзсiн.
Тармақ 22
22. Бағдарлама әкiмшісi - облыс әкiмiнiң аппараты 1999 жылы игерiлмеген және облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 302 шешiмiне сәйкес, бұрындары инвестициялық жобаларды iске асыруға бөлiнiп, ағымдағы жылы қайтарылып алынған қаражат бойынша 127088 мың теңге сомасында екiншi қайтара қаржыландыруға арнап жұмсалатын қаражат көздесiн.
Тармақ 23
23. Облыстың жергіліктi бюджеттерiнде, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жергілiктi бюджетке төлемдерi бойынша берешектерiн өтеу жолымен, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен орындайтын, ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша осының алдындағы жылдары жинақтала пайда болған кредиторлық берешектi өтеу 915000 мың теңге мөлшерiнде көзделсiн, оның iшiнде аудандар, қалалар және облыс бюджеттерi бойынша: мың теңге Бейнеу ауданы - 3000 Қарақия ауданы - 25000 Маңғыстау ауданы - 19000 Түпқараған ауданы - 12000 Ақтау қаласы - 515000 Жаңаөзен қаласы - 114000 Облыстық - 227000 Көрсетiлген берешектердi өтеу жөнiндегi есептесудi өткiзудiң тәртiбiн, сондай-ақ аталған есептесуге қатысатын субъектiлердi облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген, 2000 жылға арналған Маңғыстау облысының жергiлiктi бюджетiнен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешегiн өтеудiң Ережесiмен айқындалатын болып белгiленсiн.
Тармақ 24
24. Аудандар мен қалалардың әкiмдерi, бағдарламалардың әкiмшілерi - мемлекеттiк мекемелердiң басшылары өзара есептесудi жүргiзуге көзделген, 58 "жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешегі" бағдарламасы мен 59 "жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша жергiлiктi бюджеттің кредиторлық берешегі" бағдарламасы бойынша қосымша бөлiнген шектен басқа, 2000 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша осының алдындағы жылдар iшiнде жинақтала пайда болған кредиторлық берешектi өтеудi қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныбының 27 "жалақы және әлеуметтiк төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу" бағдарламасы мен 28 "жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгіленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешегін өтеу" бағдарламасы бойынша жұмсалатын қаражат көздесiн. Жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, бағдарламалардың әкiмшiлерi - мемлекеттiк мекемелердiң басшыларына, өзiне қаржылық жылға арналып белгiленген, бюджеттiк мақсаттарға тағайындалған сомадан артық қаржылық мiндеттемелердi алмау мiндеттелсiн.
Тармақ 25
25. 2000 жылға арналған облыстық бюджеттi атқару үрдiсiнде мына облыстық бюджеттiк бағдарлама секвестрлеуге жатпайтын болып белгiленсiн: - жергілiктi атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге байланысты.
Басқа 26
Облыстық мәслихаттың 7.06.2000 жылғы IV/31 шешіміне қосымша мың теңге --------------------------------------------------------------------------- Сан. Сын. Ша. Ерек.                                                 сомасы сын --------------------------------------------------------------------------- І. Кірістер                        626658 1                           Салықтық түсiрiлiмдер                  415238 1              Кiрiстерге салынатын табыс салығы              185000 2         Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы         185000 1    Төлем көздерiнен ұсталатын, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы              185000 5              Тауарға, атқарылатын жұмысқа және көрсетiлетiн қызметке салынатын iшкi салықтар    3238 2         Акциздер                                         3238 1    Спирт                                              50 2    Арақ                                             1570 7    Сыра                                             1483 23   Ойын бизнесi                                      135 7              Басқа да салықтар                              227000 1         Басқа да салықтар                              227000 2    Жергiлiктi бюджетке берешектердiң түсiрiлiмi   227000 2                            Салық емес түсірілімдер               211420 1              Кәсiпкерлiк қызметтен және меншiктен тапқан табыстар                                        59300 2         Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен салықтық түсірілімдер                           59300 9    Осы мақсатқа арнап жергiлiктi атқарушы          59300 органдардың қарыз алған қаражаты есебiнен аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн несиелер бойынша сыйақылар түсiрiлiмдерi 2              Әкiмшілiк алымдар мен төлемдер, коммерциялық   131820 емес және орайластырылған сатудан тапқан табыстар 1         Әкiмшiлiк алымдар                              131820 9    Қылмыстық атқару инспекциясының қызметiнен        400 алынған кiрiстер 12   Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер        131420 3              Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсiрiлiмдер  20300 1         Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсiрiлiмдер  20300 2    Медайықтырғышқа орналастырылған адамдардан       5800 төлем түсiрiлiмдерi 10   Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны  14500 үшiн айыппұлдар II. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР           6465551 4                   Алынған ресми трансферттер                    6465551 1              Төмен тұрған мем.басқару органдарынан         6465551 трансферттер 3         Аудандық (қалалық) бюджеттерден трансферттер  6465551 3    Аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттiк     6465551 алу, соның iшiнде Қарақия ауданының бюджетiнен бюджеттiк алу                        39820 Түпқараған ауданының бюджетiнен бюджеттiк алу  227656 Ақтау қаласының бюджетiнен бюджеттiк алу      3830023 Жаңаөзен қаласының бюджетiнен бюджеттiк алу   2368052 ІІІ. ӨТЕУ                     653098 5                   Бюджеттен берілген несиелердi өтеу             653098 1              Бұрындары берiлген несиелердi өтеу             653098 2         Банк операциясының жекелеген түрлерiн жүзеге    94211 асыратын, банктер мен ұйымдарды шығарып тастағанда, ұйымдардың өтеуi. 2    Директивтiк кредиттер бойынша мерзiмi           94211 өткізілген берешектi қайтарып алу 4         Банк операциясының жекелеген түрлерiн жүзеге   548887 асыратын, банктер мен ұйымдардың өтеуi 1    Банк операциясының жекелеген түрлерiн жүзеге   548887 асыратын, банктер мен ұйымдардың өтеуi 5         Бюджеттен берiлген басқа да несиелердi өтеу     10000 9    Бюджеттен берiлген басқа да несиелердi өтеу     10000 --------------------------------------------------------------------------- ФГР Әкім. Бағ. Кіші                  Атауы                         сомасы --------------------------------------------------------------------------- IV. Шығыстар                      7466599 1                   Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетiлетiн       119329 қызмет 103             Облыстық мәслихат                                7176 2         Жергіліктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар         7123 3    Жергiлiктi органдардың аппараты                  7123 27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша            35 кредиторлық берешектi өтеу 28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиторлық берешегiн өтеу                         18 105             Әкiм аппараты                                   70886 2         Жергiлiкті деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        70886 3    Жергiлiктi органдардың аппараты                 70886 259             Коммуналдық меншiктi басқару Департаментi       15059 2         Жергiлiкті деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        10759 3    Жергiлiктi органдардың аппараты                 10759 30        Коммуналдық меншiктi жекешелендiруді ұйымдастыру                                      4300 27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу 28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттiк берешегiн өтеу 260             Облыстық қаржы басқармасы                       26208 2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        26208 3    Жергiлiктi органдардың аппараты                 26208 28        Жергiлiкті бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу 2                   Қорғаныс                                       103575 105             Облыстық әскери комиссариат                     14326 63        Әскери қызметке тiркеу және шақыру жөнiндегi iс-шаралар                                      14326 105             Әкiмдер аппараты                                89249 31        Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарма    6572 32        Жергiлiктi деңгейдегi төтенше жағдайларды жою   82677 30   Облыстық өртке қарсы қызмет басқармасы          75742 31   Суда құтқару қызметi                             6935 3                   Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік               345122 251             Маңғыстау облысының iшкi iстер басқармасы      334342 2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар       254273 3    Жергiлiкті органдардың аппараты                254273 27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу                      29128 ОИИР                                              687 IIБ                                             27571 IIБ училищесi                                     336 Дәрiгер қызметi                                   534 28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу IIБ                                             31546 IIБ училищесi                                     260 Дәрiгер қызметi                                   498 30        Жергiлiктi деңгейдегi қоғамдық тәртiптi күзету және қоғамдық қауiпсiздiк қамтамасыз ету 18637 30   Медайықтырғыштар және милиция жұмысын ұйымдастыратын милицияның бөлiмшелерi            3860 31   Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту Орталығы                    3100 32   Белгiлi бiр тұратын жерi мен құжаты жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орны          3510 33   Әкiмшiлiк тәртiппен қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орны                    1900 34   Еңбекпен түзеу инспекциясының облыстық бөлiмi    6267 274             Маңғыстау облысының iшкi iстер басқармасы        8573 44        Елдi мекендердегi жол қазғалысын реттеу жөнiндегi жабдықтар мен құралдарды пайдалану     8573 105             Нотариалдық кеңсе                                2207 66        Нотариалдық iс-әрекет жасауды ұйымдастыру        2207 30   Нотариалдық кеңсе                                2207 4                   Бiлiм                                          158673 263             Облыстық бiлiм басқармасы                      142029 20        Жергілікті деңгейде жалпы бiлiм беруге оқыту    16111 35   Дарынды балаларға арналған мектептер мен мектеп-интернаттар                              16111 32        Жергiлiктi деңгейдегi орта бiлiм жүйесiнiң ақпараты                                         6699 31        Жергіліктi деңгейдегi кәсiптiк-техникалық білім 44906 30   Кәсiптік-техникалық мектептер                   42352 31   Арнайы кәсiптiк-техникалық мектептер             2554 8         Жергiлiктi деңгейдегi орта арнайы оқу орындарында кадрлар даярлау                     74313 251             Маңғыстау облысының iшкi iстер басқармасы       10870 11        Жергiлiктi деңгейдегi кадрларды қайта даярлау   10870 30   IIБ училищесi                                   10870 263             Облыстық бiлiм басқармасы                        5474 11        Жергiлiктi деңгейдегi кадрларды қайта даярлау    5014 6    Мемлекеттік мекемелердiң кадрларын қайта даярлау 5014 38        Балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерiп байқау жөнiнде халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер беру көмегiн көрсету                              760 30   Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру                                              760 5                   Денсаулық сақтау                              1251564 254             Облыстық денсаулық сақтау басқармасы           473726 36        Жергілікті деңгейде халыққа тұрақты медициналық көмек көрсету                      319680 31        ВИЧ-ауруын жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету                                   16118 33        Жергiлiктi деңгейде эпидемияға қарсы күрес       5000 34        Жергiлiктi деңгейде қан (ауыстырғыш) өндiру     11062 41        Жергiлiктi деңгейде салауатты өмiр салтын насихаттау                                       2900 45        Ана мен баланы қорғау                          118966 31  Балаларға тұрақты көмек көрсету                 30550 32  Екiқабат, босанатын және босанған әйелдерге тұрақты көмек көрсету                           88416 254             Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы  49419 39        Санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету                                  49419 30  Санитарлық-әпидемиологиялық станциясы           49419 254             Облыстық денсаулық сақтау басқармасы           448685 30        Психикалық мазасызданумен зардап шегетiн ауруларға тұрақты медициналық көмек көрсету     47690 32        Туберкулезбен ауыратындарға тұрақты медициналық көмек көрсету                       64970 47        Онкологиялық сырқатпен ауыратындарға тұрақты медициналық көмек көрсету                       11082 48        Алкоголмен, наркоманиямен және токсикоманиямен ауыратындарға тұрақты                            8278 медициналық көмек көрсету 49        Терi-венерологиялық сырқатымен ауыратындарға тұрақты медициналық көмек көрсету                9883 50        Жұқпалы аурулармен ауыратындарға тұрақты медициналық көмек көрсету                       40620 35        Селолық жердегi амбулаториялық ұйымдарда халыққа алғашқы                                 55651 медициналық-санитарлық көмек көрсету 46        Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету   210511 251             Маңғыстау облысының iшкi iстер басқармасы       10741 31        IIБ медқызметi                                  10741 254             Облыстық денсаулық сақтау басқармасы           268993 37        Жедел медициналық жәрдем көрсету                24261 43        Төтенше жағдайларға халыққа медициналық көмек көрсету                                         10885 30  Шұғыл медициналық көмек Орталығы                 6000 31  Облыстық медициналық жабдықтау базасы            4885 2         Жергіліктi деңгейдегi әкiмшілік шығыстар         5457 3   Жергіліктi органдардың аппараты                  5457 27        Жалақы және әлеуметтiк төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу                      68633 Санитарлық-эпидемиологиялық стансалар            3142 Облыстық денсаулық сақтау басқармасы            65491 28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу                       120636 Санитарлық-эпидемиологиялық стансалар             600 Облыстық денсаулық сақтау басқармасы           120036 38        Облыстағы халықтың денсаулығын қорғау жөнiндегi басқа да көрсетiлетiн  қызметтер      20000 31  Аурулар түрi бойынша азаматтардың жекелеген санаттарын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету        15000 32  Азаматтардың жекелеген категорияларын            5000 мамандандырылған балалар тағамдары өнiмдерiмен қамтамасыз ету 42        Жергiлiктi деңгейдегi денсаулық сақтау           6921 ұйымдарының есепке алу көрсетілетін қызметiмен қамтамасыз ету 93  Орталықтандырылған бухгалтерия                   6921 44        Дәрi-дәрмектiк құралдары мен медициналық        12200 жабдықтарды орталықтандыра сатып алу 6                   Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек 43304 105             Облыстық денсаулық сақтау басқармасы             3000 60        Жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмi бойынша    3000 азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтiк төлемдер 258             Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және     40304 әлеуметтік қорғау 38        ҰОС-дағы Жеңістiң 55 жылдығын мерекелеудi       10252 өткiзу 2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        25870 3   Жергiлiктi органдардың аппараты                 25870 27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша           183 кредиторлық берешекті өтеу 28        Жергiліктi бюджеттен қаржыландырылатын,          1000 мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу 33        Жергiлiктi деңгейдегi медициналық әлеуметтiк     2999 сараптау 30  Облыстық, қалалық және аудандық медициналық      2999 әлеуметтiк сараптау комиссиясы 8                   Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңiстiгі      101172 263             Облыстық бiлiм басқармасы                        7252 35        Жергiлiктi деңгейде балалармен мәдениет және спорт iс-шараларын өткiзу                        7252 30  Жергiлікті деңгейде балалармен мәдениет iс-шараларын өткiзу                              7252 263             Облыстық мәдениет басқармасы                    42107 41        Жергiлiктi деңгейде халықтық мәдени бос уақытын қамтамасыз ету                          25318 43        Жергiлiктi деңгейде көрiнiстi iс-шараларын өткiзу                                           6000 44        Жергiлікті деңгейде тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау                            10789 263             Облыстық спорт және дене тәрбиесi басқармасы    19115 39        Жергілiктi деңгейде спорт iс-шараларын өткiзу   19115 105             Әкiм аппараты                                   16576 46        Жергiлiкті деңгейде газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргiзу     12920 "Маңғыстау" газетiнiң редакциясы                 6770 "Местное время" газетiнiң редакциясы             6150 47        Жергiлiктi деңгейде телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргiзу                                          3656 261             Маңғыстау облысының мемлекеттік мұрағаты         6030 27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу                        487 28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу                          193 30        Мұрағат қорының, баспа басылымдарының сақталуы мен олардың жергiлiктi деңгейде арнайы пайдаланылуын қамтамасыз ету                     5350 30  Мұрағаттар                                       5350 263             Облыстық мәдениет басқармасы                    10092 45        Жергiліктi деңгейде ақпараттың жалпыға бiрдей қол жетiлiмдiлігін қамтамасыз ету        10092 30  Кiтапханалар                                    10092 10                  Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау                          77952 105             Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры            69429 34        Жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру                                     69429 30  Облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қоры   3986 31  Жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу                    65443 257             Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы             8523 2         Жергiлiктi деңгейде әкiмшілік шығыстар           8254 3   Жергiлiкті органдардың аппараты                  8254 27        Жалақы және әлеуметтiк төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу                        269 11                  Өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және жер қойнауын пайдалану                                        1000 273             Облыстық тұрғын-үй құрылысы, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы               1000 48        Жергiлiктi деңгейде жобалау-iздестiру, конструкторлық және технологиялық жұмыстар       1000 12                  Көлiк және байланыс                             55497 274             Әкiм аппараты                                   55497 49        Жергiлiктi деңгейде автомобиль жолдары құрылысын салу                                  55497 30  Жергiлiктi маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңарту                                   55497 13                  Басқалары                                      735768 105             Әкiм аппараты                                  635490 27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу, оның iшiнде        133532 Судағы қорғау қызметi                             923 Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарма      66 Әкiм аппараты                                    2158 Нотариалдық кеңсе                                 109 Мемлекеттік өртке қарсы қызметінiң облыстық басқармасы                                       8466 28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын,        214958 мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу, оның iшiнде Судағы қорғау қызметi                             131 Мемлекеттiк өртке қарсы қызметінің облыстық басқармасы                                       6509 Әкiм аппараты                                    2327 Нотариалдық кеңсе                                 286 "Маңғыстау" газетiнiң редакциясы                 1500 "Местное время" газетiнiң редакциясы             1554 52        Жергiлiктi атқарушы органдардың резервi         60000 58        Жергiліктi бюджеттен қаржыландырылатын,        227000 мемлекеттік мекемелердiң белгіленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу 263             Жергiлiкті бюджеттен қаржыландырылатын, бiлiм, мәдениет, спорт және туризм атқарушы органы     56817 2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        28655 30  Облыстық бiлiм басқармасы                       19304 31  Облыстық мәдениет басқармасы                     3788 32  Облыстық спорт және дене тәрбиесi басқармасы     5563 27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу                      16280 Облыстық бiлiм басқармасы                       13252 Облыстық мәдениет басқармасы                     3018 Облыстық спорт және дене тәрбиесi басқармасы       10 28        Жергiлікті бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртіппен тіркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу                         9085 Облыстық бiлім басқармасы                        6097 Облыстық мәдениет басқармасы                     2710 Облыстық спорт және дене тәрбиесi басқармасы      278 34        Есепке алу көрсетiлетiн қызметiмен қамтамасыз ету                                               797 31  Мәдениет ұйымдарының орталықтандырылған бухгалтериясы                                     797 272             Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, экономика, шағын және орта бизнестi қолдау атқарушы органдары                              23999 2         Жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк шығыстар        22601 30  Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы                                      16313 31  Облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы   6288 Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу                        986 Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы                                        986 28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу                          412 Облыстық экономика, өнеркәсiп және сауда басқармасы                                        396 Облыстық шағын кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы     16 273             Облыстық тұрғын үй құрылысы, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасы               4959 2         Жергiлiкті деңгейдегi әкiмшілік шығыстар         4919 3   Жергiлiктi органдардың аппараты                  4919 27        Жалақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеу                        110 28        Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттiк мекемелердiң белгiленген тәртiппен тiркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттiк берешегiн өтеу                          230 274             Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығының атқарушы органдары                                       16503 28        Жергiлікті бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелердің белгiленген тәртiппен тіркелген келiсiм-шарт мiндеттемелерi бойынша кредиттік берешегiн өтеу                        16503 14                  Борышқа қызмет көрсету                          66710 105             Әкiм аппараты                                   66710 53        Жергiлікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету                                  66710 11  Сыйақылар төлеу                                 66710 15                  Ресми трансферттер                            4406933 105             Облыстық қаржы басқармасы                      144807 54        Жергiліктi бюджеттен трансферттер              144807 94  Субвенциялар, оның iшiнде                      144807 Бейнеу ауданының әкiмi                         107219 Маңғыстау ауданының әкiмi                       37588 123             Маңғыстау облысының әкiмi                     4262126 26        Республикалық бюджетке бюджеттiк алулар       4262126 V. НЕСИЕЛЕНДIРУ                  477088 13                  Басқалары                                      477088 272             Облыстық шағын кәсiпкерліктi қолдау басқармасы  50000 80        Жергiлiкті деңгейде шағын кәсiпкерлiктi дамыту үшiн несиелендiру                        50000 105             Әкiм аппараты                                  427088 83        Аймақтық инвестициялық бағдарламаларды несиелендiру                                   427088 VI. ТАПШЫЛЫҚ                                 - 198380 VII. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ                              198380 Түсірілім                                      300000 Өтеу                                         - 453498 Бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы 351878 Оқығандар: Икебаева А.Ж. Багарова Ж.А.