О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2000 года N 151 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 63-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары комитетi туралы ережеде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен ашылған шоттар арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады."; 18-тармақ: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен аумақтық органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;"; 5) тармақша "құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi" деген сөздерден кейiн "және аумақтық органдар туралы үлгілiк ережелердi" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.