О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 2000 года N 1663 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1663 қаулысына толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.02.2004 N 205 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 46, 545-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртiбi туралы нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жекелеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу және тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүргiзу тәсiлiн таңдау туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдауы мүмкiн.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.