О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 3 ноября 2000 года N 437-1 "Об утверждении Правил применения тахографов при осуществлении международных автомобильных перевозок в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде тахографтарды қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 437-1 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 19.01.2004 N 16-І бұйрығымен.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келiсiмге (EKK) 1-Қосымша-толықтырудың VI тарауы 3-тармағының b) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде тахографтарды қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 437-1 бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде тахографтарды қолдану ережесiнде:
30-тармақтағы "алты жылдың iшiнде кемiнде бiр рет" деген сөздер "жылына бiр рет" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (М.Т.Бейсембаев) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-Министрi Қ.Қ.Жақыповқа жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.