О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Рсепублики Казахстан от 3 мая 2000 года N 652 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.02. N 892 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Ұялы байланысты пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: "Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасына," деген сөздермен толықтырылсын; "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарларына," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарына," деген сөздермен толықтырылсын; "бюджет тізімдемесіне" деген сөздер "бюджеттің қаржыландыру жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.