О внесении изменений в решение акима области «О мерах по борьбе с волками» от 3 февраля 2000 года № 13 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 ақпандағы № 13 «Қасқырлармен күресу жөніндегі шаралар туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2003 № 262 қаулысымен. Қасқырдан келген зиянды, көптеген ауыл тұрғындарының өтiнiшi мен орман және аңшылық шаруашылығы облыстық аумақтық басқармасының жыртқыш аңдарға қарсы күрес шараларын күшейту қажеттiлiгi жөнiндегi ұсынысын ескере отырып облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 13 "Қасқырлармен күресу жөніндегі шаралар туралы" шешiмiне төмендегiдей өзгертулер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1 тармақтағы "айналадағы ортаны қорғау облыстық қорының" деген сөздер "облыстық табиғат пайдалану басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 2 тармақ мынадай редакцияда берiлсiн: "Аңшыларды материалдық ынталандыру мақсатында ауланған әрбiр үлкен қасқырға (терiсiнiң құнын есептемегенде) төрт мың теңге, әр бөлтiрiкке екi мың теңге сый ақы белгiленсiн";
Тармақша 3
3) 3 және 6 тармақтардағы "облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы" деген сөздер "облыстық орман және жануарлар дүниесiн қорғау және қайта өндiру басқармасы, облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 4 тармақтағы "айналадағы ортаны қорғау қорының" деген сөздер "облыстық табиғат пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) 5, 6 тармақтардағы "аңшылар мен балықшылардың облыстық қоғамына" деген сөздер "Батыс Қазақстан облысы бойынша аңшылар мен балықшылар қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) 8 тармақтағы "В.К. Алексеев" деген сөз "А.Қ. Есенғалиев" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 7
7) Аталған шешiмнiң "Аңшыларға қасқырмен күрестi ұйымдастыруға, бөлінген материалдық ынталандыруға қаржысының тәртiбi" жалғамасының 1 тармағындағы "айналадағы ортаны қорғау облыстық қорынан" деген сөздер "облыстық бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 8
8) Жалғаманың 3 тармағы мынадай редакцияда берiлсiн: "Құрамында облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау, орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының, облыстық орман және жануарлар дүниесiн қорғау және қайта өндiру басқармасының, аңшылар мен балықшылар қоғамының, облыстық табиғат пайдалану басқармасының және облыс әкiмi аппаратының өкiлдерi бар комиссия жүргiзген сараптау қасқырды атып алғандығын дәлелдейтiн құжат болып табылады."