О внесении дополнений в решение акима области от 3 августа 2000 года № 550 «Об утверждении Положения о кредитовании сельхозтоваропроизводителей области по программе 101 25782 00» Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімінің 2000 жылғы 3 тамыз № 550 «Облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін 101 257 82 00 бағдарлама бойынша несиелеу туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы
әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес және лизингілік несиелер бөлуді реттеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жоғарыда аталған шешімнің «Облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 101 257 82 00 бағдарламасы бойынша несиелеу Ережесі» туралы жалғамаға «Лизингілік несиелеу тәртібі» жөнінде 5-ші тармақ төмендегі тармақшалармен қосымша енгізілсін:
13. Лизингілік негізде несие беру кезінде Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңының 4-бабы қатаң басшылыққа алынсын.
14. Лизингілік несиелеудің төмендегідей ерекшеліктері белгіленсін:
1) кепілдік мүліктің құны лизингілік нысан құнынан кемінде 10 пайыз жоғары болуы қажет;
2) лизингінің құны өтеу мерзімінен бұрын бөлініп төленген жағдайда өтеу сомасы ескеріліп, екі жақты кепілдік шарт қайта жасақталуы мүмкін;
3) лизингілік несие беру, оны алған субъектіге, егер оның қаржы жағдайының тұрақтылығы және жаңа несие сұраныс сомасы кепілдік мүлікпен қамтамасыз етілгендігі анықталса, лизинг өтеміне берілген демалыс мерзімінің ішінде «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеу» бағдарламасы бойынша басқа несие түрлерін алуға нұқсан келтірмейді;
4) лизингілік несие бөлу кезінде туындайтын ерекше жағдайлар лизинг жөніндегі несиелік келісім-шартта көрсетілуі тиіс.
Тармақ 2
2. Жоғарыда көрсетілген Ереженің 5,6-тармақтары тармақшаларының тиісті нөмірлерін өзгерту арқылы 6,7-тармақтар болып есептелсін.