О признании утратившими силу постановлений Правительства Республики Казахстан от 3 марта 2001 года N 326 и 4 июля 2001 года N 916 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326 және 2001 жылғы 4 шілдедегі N 916 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж.,№9, 103-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 шілдедегі N 916 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 26, 316-құжат).
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.