О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 3 мая 2001 года N 597 и от 26 декабря 2002 года N 1375 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы N 597 және 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1375 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 1) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.12.24 N 1247 Қаулысымен); 2) "2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 1375 қаулысына : көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесiнде: 2-тармақта "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңымен" деген сөздер " 2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы және " 2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.