О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 марта 2001 года № 55 "Об утверждении Правил добровольной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций в Республике Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 1471 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1471 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 55 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті таратуды жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 55 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1471 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 2 - 15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесінде: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне , " Сақтандыру қызметі туралы ", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ", " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы ", " Акционерлік қоғамдар туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ерекшеліктерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кредиторлар комитетін құру және қызметінің ерекшеліктерін, қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілеттіктерін белгілейді."; мәтіндегі "уәкілетті мемлекеттік орган", "уәкілетті мемлекеттік органға", "уәкілетті мемлекеттік органның", "уәкілетті мемлекеттік органды", "уәкілетті мемлекеттік органдарға" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган", "уәкілетті органға", "уәкілетті органның", "уәкілетті органды", "уәкілетті органдарға" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақта "не екі республикалық газетте жарияланған күннен бастап" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті таратуға рұқсат алу кезінде уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензияның түпнұсқаларын уәкілетті органға қайтарады."; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "10. Уәкілетті органның ерікті таратуға рұқсат беру туралы шешімі күшіне енгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бес жұмыс күні ішінде филиалдар мен өкілдіктерді есепке ала отырып, тарату комиссиясын құрады."; 15-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын; 26-тармақ алынып тасталсын; 28-тармақ: мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: "8-1) өзі жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерден тұратын сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жөнінде шаралар қабылдайды;"; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы уәкілетті органның шешімі күшіне енгенге дейін болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру (жүзеге асырудан бас тарту) туралы белгіленген тәртіппен шешім қабылдайды;"; 24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату аяқталған кезде құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырады және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды."; 29-тармақтың: бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "29. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ағымдағы шоты оның бас офисі орналасқан жердегі екінші деңгейдегі банкте ашылады."; екінші абзацтағы "ағымдағы есепшоттарына" деген сөздер "ағымдағы шотқа" деген сөздермен ауыстырылсын; 36-тармақта екінші сөйлем алынып тасталсын; 54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "54. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату өндірісіне байланысты шығыстар, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті таратуға рұқсат беру туралы уәкілетті органның шешімі күшіне енгенге дейін болған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға арналған шығыстар кезектен тыс жүргізіледі. Тарату массасын мақсатқа сай емес жұмсауға, сондай-ақ қаражатты тарату комиссиясына еңбекақы төлеуге екі айдан астам мерзімге резервтеуге жол берілмейді."; 63-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Кредиторлар комитеті өз қызметінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады."; 71-тармақта: 5) тармақшада "өкілін" деген сөз "өкілдерін" деген сөзбен ауыстырылсын; 9) тармақша "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін есепке ала отырып" деген сөздермен толықтырылсын; 76-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "79. Тарату комиссиясы белгіленген мерзімде жазбаша нұсқауды орындамаған жағдайда уәкілетті орган кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа не прокуратура органдарына өтініш береді."; 83-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Заң күші бар Жарлығында" деген сөздер "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есепке алу үшін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында " деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн ішінде күшіне енгізіледі.
Тармақ 3
3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Бадырленова Ж.Р.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, ерікті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларына жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.