О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка от 3 июня 2002 года N 205 "Об утверждении Правил допуска ценных бумаг иностранных эмитентов, выпущенных в соответствии с законодательством других государств, к обращению на территории Республики Казахстан" и признании утратившим силу постановления Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 11 января 2001 N 93 "О порядке допуска к обращению на территории Республики Казахстан облигаций юридических Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 205 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған облигацияларын және халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу тәртібі туралы" 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 93 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының эмиссиялық бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жетілдіру және бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1.
Ескерту:1-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған облигацияларын және халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу тәртібі туралы" 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 93 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.