О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 июня 2002 года N 213 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для банков второго уровня", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1902 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде N 1902 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына толықтыру енгiзу туралы
Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз ).
Екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1902 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 1-14 шiлдеде жарияланған) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Банктердiң 2002 жылғы 1 тамызға дейiн тартылған, бастапқы өтеу мерзiмi 5 жылдан кем емес және аталған қаулымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженiң 6-тармағында белгiленген, реттелген борыштарға қойылатын талаптарға жауап бермейтiн реттелген борыштары мынадай тәртiппен банктiң меншiктi капиталының есебiне кiредi:
2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн:
борышты өтеу басталғанға дейiн бес жылдан артық мерзiм iшiнде - борыштың толық сомасында;
борышты өтеу басталғанға дейiн қалған бес жылдың iшiнде:
1-шi жыл - реттелген борыш сомасының 80%-i;
2-шi жыл - реттелген борыш сомасының 60%-i;
3-шi жыл - реттелген борыш сомасының 40%-i;
4-шi жыл - реттелген борыш сомасының 20%-i;
5-шi жыл - реттелген борыш сомасының 0%-i;
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап:
борышты өтеу басталғанға дейiн бес жылдан артық мерзiм iшiнде - реттелген борыш сомасынан 80% мөлшерiнде;
борышты өтеу басталғанға дейiн қалған бес жылдың iшiнде:
1-шi жыл - реттелген борыш сомасының 60%-i;
2-шi жыл - реттелген борыш сомасының 40%-i;
3-шi жыл - реттелген борыш сомасының 20%-i;
4-шi және 5-шi жылдар - реттелген борыш сомасының 0%-i.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi, ол 2002 жылғы 1 тамызға дейiн реттелген борыштарды есептеуге байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу үшiн шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы күшiне енген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.