О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 июня 2002 года N 213 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для банков второго уровня", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1902 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1902 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1902 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 1-14 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2098 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 467 қаулысымен бекітілген толықтырумен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде: 12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: "Standart&Poor`s" агенттігінің "ВВВ" рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар бас банктердің кепілдіктері немесе Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес банктері үшін - халықаралық рейтинг агенттіктері ретінде танылған басқа да рейтинг ұйымдарының біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі.".
Тармақ 2
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.