О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 июня 2002 года N 213 "Об утверждении Правил о пруденциальных нормативах для банков второго уровня", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1902 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1902 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1902 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 1-14 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 467 , 2003 жылғы 21 наурыздағы N 97 , 2003 жылғы 7 мамырдағы N 151 , 2003 жылғы 16 ақпандағы N 36 қаулыларымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженің:
3-тармағының үшінші абзацындағы "реттелген борышқа" деген сөздердің алдында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) еншілес ұйымдарының" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақтың 4) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне" деген сөздер "Ұлттық Банкке" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Тармақ 3
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға