О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 3 июня 2002 года № 164 «О мерах по обеспечению охраны особо важных и стратегических объектов, а также объектов жизнеобеспечения Атырауской области» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 164 "Атырау облысы аумағында орналасқан айрықша маңызды және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Айрықша маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру және күзет қызметін ретке келтіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 маусымдағы N 164 " Атырау облыс аумағында орналасқан айрықша маңызды және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің күзетілуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" (Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 5 шілдеде N 1037 тіркелді) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған қаулы қосымшасының: ішкі істер органдарының арнаулы күзет бөлімшелерімен міндетті түрде күзетілуге жататын объектілердің тізбесінде: реттік нөмірлері 27), 28), 34), 35), 36), 37), 38), 40), 42) жолдары алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41-1), 41-2) жолдармен толықтырылсын: "41-1) "Ембімұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының "Прорванефть" мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай қоймасы"; "41-2) "Ембімұнайгаз" ашық акционерлік қоғамының "Доссорнефть" мұнай-газ өндіру басқармасының мұнай қоймасы".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөліміне жүктелсін.