О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2002 года № 396 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 396 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 396 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: тақырыбы, кіріспе және 1-тармақ «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының сипаттамасында: тақырыбы және 1-тармақ «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Дипломның сыртқы бетінде алтын түсті «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы лауреатының дипломы» деген жазу орналасады; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреатының омырауға тағатын белгісінің сипаттамасында: тақырыбы және 1-тармақ «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. «РЕВЕРС» жағында қазақ және орыс тілдерінде: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты» «Лауреат государственной премии мира и прогресса Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации» деген жазу орналасады; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты куәлігінің сипаттамасында: тақырыбы, 1 және 4-тармақтар «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, оның төменгі жағында алтын түсті «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы лауреатының куәлігі» деген жазу орналасады.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.