О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 3 апреля 2002 года № 77 "Об областной Бюджетной комиссии" (зарегистрировано в областном управлении юстиции от 12 апреля 2002 года № 828) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық Бюджет комиссиясы туралы (облыстық әділет басқармасында 2002 жылы 12 сәуірде № 828 болып тіркелген) Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Бюджет жүйесі туралы"»Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес және кадрлық өзгертулерге байланысты, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Облыстық Бюджет комиссиясы туралы" Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 77 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1 тармақта: облыстық Бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін: Илмұханбетова Шолпан Лазарқызы облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары; Ұланова Жаңагүл облыстық қаржы басқармасының бөлім бастығы, хатшы; Мұстапаев Рашит Тұранұлы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары; мына жол: "Әлібекова Марина Борисқызы облыстық қаржы басқармасы бюджет бөлiмiнiң бастығы, хатшы"; мынадай редакцияда жазылсын: "Әлібекова Марина Борисқызы облыстық мәслихаттың депутаты, тексеру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); мына жол: "Сәрсенқұлов Жансейіт облыстық қаржы басқармасының бастығы, төраға орынбасары" мынадай редакцияда жазылсын: "Сәрсенқұлов Жансейіт Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы (келісім бойынша)"; мына жол: "Нұрғалиева Халила Хабижанқызы облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары" мынадай редакцияда жазылсын: "Нұрғалиева Халила Хабижанқызы облыстық қаржы басқармасының бастығы, төраға орынбасары"; мына жол: "Құдиярова Майрамкүл Жәмішқызы облыстық мәслихаттың депутаты, әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)" мынадай редакцияда жазылсын: "Құдиярова Майрамкүл Жәмішқызы облыстық мәслихаттың депутаты, әлеуметтік мәселесі және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)"; Макежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы көрсетілген құрамнан шығарылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық Бюджет комиссиясының құрамындағы өзгерістер мен толықтырулар облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітілуге жіберілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.