О внесении изменений в постановление акимата области от 3 июля 2003 года № 134 "О Дисциплинарном совете Западно-Казахстанской области" Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі туралы" 2003 жылғы 3 шілдедегі №134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы "Заңын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы N 556 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі туралы" 2003 жылғы 3 шілдедегі N 134 қаулысына (тіркеу N 2240, облыстық газеттер "Орал өңірінің" 2003 жылдың 19 шілдесіндегі N 85 және "Приуральенің" 2003 жылдың 19 шілдесіндегі N 87 сандарында жарияланған облыс әкімдігінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 204, 2003 жылғы 14 қарашадағы N 229 және 2004 жылғы 25 мамырдағы N 149 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен қоса) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесінің құрамына енгізілсін:
Мұхитова Әсия Мусақызы - Батыс Қазақстан облыстық Әділет департаментінің бастығы.