О внесении изменений в постановление акимата области от 3 июля 2003 года № 134 «О Дисциплинарном совете Западно-Казахстанской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі туралы» 2003 жылғы 3 шілдедегі № 134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және облыстың Тәртіптік кеңесі құрамындағы өзгерістерге байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің «Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі туралы» 2003 жылғы 3 шілдедегі № 134 қаулысына (тіркеу N 2240, облыс әкімдігінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі № 204, 2003 жылғы 14 қарашадағы № 229, 2004 жылғы 25 мамырдағы № 149 және 2004 жылғы 30 маусымдағы № 179 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен қоса) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі құрамына енгізілсін: Таушов Нариман Бақытұлы - Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
Тармақша 2
2) Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі құрамынан Бисенов Ғимран Сағынұлы шығарылсын.