О внесении изменений и дополнений в постановление от 3 ноября 2003 года № 286 «Об утверждении правил о порядке и условиях финансирования общественных работ» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2003 жылғы 3 қарашадағы № 286 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылғы 3 қарашадағы № 286 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2590, «Торғай» газетінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы 49 нөмірінде жарияланған) қаулысының қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 1) 3-тармақтағы «Қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» деген сөздер «Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 6-тармақтың «қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен» деген сөздері «Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 9-тармақ «Бұдан басқа жұмыс берушіге әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік қорына әлеуметтік аудармалар жасау және қоғамдық жұмыстарға қатынасушы жұмыссыздардың есеп шоттарына еңбек жалақыларын аударудағы банк қызметі шығындары өтеледі» деген сөздермен икгырылсын. 4) 12-тармақтың «қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына» деген сөздері «Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Н. Назароваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы 2006 жылдың 1 сәуірінен қолданысқа енгізіледі.