О внесении изменений в постановление акимата области от 3 июля 2003 года №134 «О дисциплинарном совете Западно-Казахстанской области» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің “Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі туралы” 2003 жылғы 3 шілдедегі №134 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және облыстың Тәртіптік кеңесі құрамындағы өзгеріске байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі туралы" 2003 жылғы 3 шілдедегі N 134 қаулысына (облыс әкімдігінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 204 және 2003 жылғы 14 қарашадағы N 229 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен қоса, тіркеу N 2240, облыстық газеттер "Орал өңірінде" 2003 жылы 19 шілдеде N 85 және "Приуральеде" 2003 жылы 19 шілдеде N 87 сандарында жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі құрамына енгізілсін: Сейтақ Ғайсағали Самиғоллаұлы - Батыс Қазақстан облыстық "Орал өңірі" газетінің бас редакторы;
Тармақша 2
2) Батыс Қазақстан облысының Тәртіптік кеңесі құрамынан Ғұбайдуллин Бауыржан Файзоллаұлы шығарылсын.