О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 3 марта 2004 года N 3-1-618п "Об утверждении Правил оказания социальной поддержки отдельным категориям граждан" Күшін жойған
Басқа 0
Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
________________________________________
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 3-1-1978қ "Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 3 наурыздағы N 3-1-618қ "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету қағидасын бекіту туралы" қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылғы 26 наурызда N 321 болып тіркелген, 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 47 "Астана хабары"; 2004 жылғы 10 сәуірдегі N 40 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) аталған қаулыда:
преамбула мына редакцияда мазмұндалсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен азаматтардың әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі туралы" шешімдеріне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
Тармақ 2
2-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 2
"2. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі қағидаларына сәйкес "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер", "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламаларының (бұдан әрі - Бағдарлама) орындалуын қамтамасыз етсін.";
Тармақша 2
2) жоғарыда аталған қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету қағидасындағы:
преамбула мына редакцияда мазмұндалсын:
"Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының заңдарына, Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімі туралы" шешімдеріне сәйкес әзірленді.";
Тармақ 2
2-тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 2
"2. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер", "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламаларының (бұдан әрі - Бағдарламалар) әкімгері тиісті қаржылық жылға сәйкес "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.";
Мына мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:
Тармақ 5-1
"5-1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы Қағиданың 1-тармағы 1-тармақшасында көрсетілген жеке көмекші қызметтерін пайдаланатын адамдар осы Қағидаға сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы жоқ.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары С.С.Мұстафинаға жүктелсін.
Әкім
Әкімнің бірінші орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкімнің орынбасары
Әкім аппаратының басшысы
Құжаттамалық сараптама бөлімі
меңгерушісінің міндетін атқарушы
"Астана қаласының Қаржы
департаменті" мемлекеттік
мекемесі директорының
міндетін атқарушы
"Астана қаласының Экономика
және бюджеттік жоспарлау
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры
"Астана қаласының
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
департаменті" мемлекеттік
мекемесінің директоры