О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 3 февраля 2004 года N 346 "Об утверждении Правил возмещения затрат на проезд, проживание и медицинское освидетельствование безработным и незанятым гражданам из целевых групп, направленным на профессиональное обучение", регистрационный номер 1626 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ережелерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 346, тіркеу нөмірі 1626 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ережелерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 3 ақпандағы N 346, тіркеу нөмірі 1626 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 509 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 19 шілдеде N 1890 тіркелді Шығыс Қазақстан облысы прокурорының 2004 жылғы 12-мамырдағы N 7-2-04 наразылығының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ережелерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының (тіркеу нөмірі 1626, "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде 2004 жылғы 21-ақпанда жарияланған) 2004 жылғы 3-ақпандағы N 346 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) атауында және 1-тармақта "жол жүру" сөздерінен кейін "тамақтану," сөзімен толықтырылсын бұдан әрі мәтіні бойынша;
Тармақша 2
2) қаулының қосымшасы жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2004 жылғы "05" шілде N 509 қаулысына қосымша Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы ережелер "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Їкіметінің 2001 жылғы 19-маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) өтініш беруші - кәсіби даярлыққа жіберілген және шығындарын өтеуге өтініш берген жұмыссыз немесе мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат;
Тармақша 2
2) шығындарды өтеу - өтініш берушінің жол жүруіне, тамақтануына, тұруына және медициналық куәландыруына жартылай немесе толық төлеу;
Тармақша 3
3) мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азамат - қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесіне өтініш берген жұмысқа жарамды жастағы, жұмыспен қамтылған халықтың санына жатпайтын, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мақсатты топқа енгізілген азамат.
Тармақ 2
2. Облыс шегінде тұруға, оқу орнына барып, қайта қайтуға арналған шығындарды өтеу тұрмайтын жерінде оқитын өтініш берушіге жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Облыс шегінде тұру, медициналық куәландыру, оқу орнына барып қайта қайту шығындарының өтеуін қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік мекемелері жүргізеді.
Тармақ 4
4. Медициналық куәландыру шығындардың өтелуі кәсіби даярлықты белгілеуді талап ететін мамандықтар бойынша оқытуға жіберілген өтініш берушілерге жүргізіліп нәтижесіне қарамастан төленеді.
Тармақ 5
5. Өтініш берушілер медициналық куәландыруды қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік мекемелердің жолдамасы бойынша өтеді.
Тармақ 6
6. Өтініш берушілердің шығындарының өтелуі құжаттарды ұсынған күннен бастап, бірақ оқу аяқталған күннен бір ай кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінде ресми тіркелген және кәсіби даярлыққа, біліктілікті арттыру мен қайта даярлыққа жіберілген жұмыссыз, сондай-ақ мақсатты топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтар шығындарды өтеу құқығына ие.
Тармақ 2. 2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
2. ШЫҒЫНДАРДЫҢ ӨТЕУІН АЛУҒА ӨТІНІШ БЕРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 8
8. Өтініш беруші қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесіне жазбаша өтініш береді және қажетті құжаттарды ұсынады.
Тармақ 9
9. Өтініш пен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен сенімділігі үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушіге жүктеледі.
Тармақ 3. 3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ
Тармақ 10
10. Шығындардың өтеуін алу үшін қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) тұратын жеріндегі банкте жеке шотының нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
Тармақша 2
2) теміржол көлігімен, жолаушы автокөлігімен (таксиден басқа) жол жүру құжаттары немесе жол жүрудің құны туралы аталған тасымалды түрлерімен айналысатын мекеменің анықтамасы;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыруды өткені жөніндегі төлем құжаты болып табылады.
Тармақ 4. 4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ
4. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІҢ МӨЛШЕРІ
Тармақ 11
11. Шығындардың толық өтелуі:
Тармақша 1
1) медициналық куәландыру - құжаттармен расталған зерттеудің құны үшін;
Тармақша 2
2) өңір (облыс, аудан) шегіндегі оқу орнына барып қайта қайту жолына - құжаттармен расталған жол жүру құны үшін жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Тұру шығындарының жартылай өтелуі мынадай мөлшерде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) өзге жерден келген өтініш берушілер Өскемен, Семей қалаларында оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында үш айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айында үш айлық есептік көрсеткіште.
Тармақша 2
2) өзге жерден келген өтініш берушілер басқа тұрғын жерлерде оқып жатақханаларда тұрған уақытта - ұсынылған төлем құжаттары бойынша, бірақ айында екі айлық есептік көрсеткіштен аспағанда. Жалданған тұрғын үйлерде тұрғанда - айында екі айлық есептік көрсеткіште.
Тармақ 13
13. Өскемен және Семей қалаларында оқитындар үшін тамақтану шығындарының өтелуі айына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өзге елді мекендерде айына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 5. 5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
5. ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ ТӘРТІБІ
Тармақ 14
14. Шығындарды өтеудің төлемі Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын орындауға қаралған облыстық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Тұру шығындарын жартылай өтеудің төлемі оқудың аяқталуы бойынша немесе ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Тамақтану шығындарын өтеу төлемі ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Медициналық куәландыру мен өңір шегіндегі (облыс, аудан) оқу орнына барып қайта қайту жолына арналған шығындардың толық өтелуінің төлемі құжаттар ұсынған кезден бір ай ағымында жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Өтініш берушіге өтелу шығындардың толық немесе жартылай төлемі ақшалай түрде жеке шотқа түсіру жолымен жүзеге асырылады. Шығыс Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы