О внесении изменений в совместный приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 3 марта 2004 года № 06-2-2/73 и Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 марта 2004 года № 203 «Об утверждении норм и требований соблюдения технических и санитарных условий для обеспечения отдыха туристов-инвалидов на всех объектах туристской инфраструктуры» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедек туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 3 наурыздағы № 06-2-2/73 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 203 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедек туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 3 наурыздағы № 06-2-2/73 және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 203 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2775 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедектігі бар туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптарын бекiту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қocа берiлiп отырған Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедектігі бар туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптары бекiтiлсiн.»; қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 3 наурыздағы № 06-2-2/73 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 203 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген»; осы бұйрықпен бекітілген Барлық туристік инфрақұрылым объектілерінде мүгедек туристердің демалысын қамтамасыз ету үшін техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакция жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедектігі бар туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109 мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 284 бірлескен бұйрыққа қосымша «Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедек туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 3 наурыздағы № 06-2-2/73 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылғы 1 наурыздағы № 203 бiрлескен бұйрығымен бекітілген Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедектігі бар туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Барлық туристiк инфрақұрылым объектiлерiнде мүгедектігі бар туристердiң демалысын қамтамасыз ету үшiн техникалық және санитарлық жағдайларды сақтау нормалары мен талаптары (бұдан әрi – нормалар) меншiк нысанына қарамастан, қызметi мүгедектігі бар туристердiң демалысы үшiн барлық туристiк инфрақұрылым (бұдан әрi – объектiлер) түрлерiнiң ғимараттарын жобалаумен, салумен, қайта жаңартумен және пайдаланумен байланысты заңды және жеке тұлғаларға арналған.
Тармақ 2
2. Осы нормалар мен талаптарда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) туризм – туристің тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға байланысты емес саяхатта уақытша болуы;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
Тармақша 3
3) пандус – жолдың көлденең бетінің бір деңгейінен екіншісіне, оның ішінде кресло-арбамен ауысуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуі бар құрылыс.
Тармақ 3
3. Туристiк демалысқа тiреу-қозғалыс аппараты бұзылған және ауыратын, оның iшiнде кресло-арбамен немесе басқа да көмекшi құралдардың көмегiмен қозғалатын; көзi нашар көретiн және естуi нашар, оның iшiнде жетекшi-иттiң көмегiмен ілесіп жүретін, мүгедектіктің нақты түрі көрсетілген тұлға үшін оның қауiпсiздiгi туралы медициналық қорытындысы бар мүгедектігі бар адамдарға рұқсат етiледi.
Тарау 2. 2-тарау. Аумаққа қойылатын талаптар
2-тарау. Аумаққа қойылатын талаптар
Тармақ 4
4. Мүгедектігі бар туристер үшiн туристiк объектiлер жеке ұйымдар түрiнде болуы немесе тұрғындар үшiн туристiк объектiнiң құрамына кiруi мүмкiн. Туристiк объектiлер мүгедектігі бар балаларға, үлкендерге немесе аралас, оның ішінде отбасы демалысына да арналуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Объектiлер оқшауланған учаскелерде, көгалдандырылған аудандарда, тұрғын үй корпустарынан магистралды көшелердiң қызыл сызығына дейінгі ара қашықтық кемiнде 30 метр болатын жерлерде орналасуға тиiс.
Тармақ 6
6. Объектiлердiң учаскелерiнде қажеттi жүрiп-тұратын жерлерi бар тұрғын үй, бақ-парк, спорттық дене шынықтыру қоғамдық және шаруашылық аймақтар көзделуге тиiс. Учаскеде оған функционалдық байланысы жоқ объектiлердi орналастыруға тыйым салынады. Туристiк объектiлердiң жер учаскесi кемiнде 1,6 метр болатын биiктiкте қоршалуға тиiс.
Тармақ 7
7. Мүгедектігі бар адамдардың учаскелерде қауiпсiз және кедергiсiз қозғалысы үшiн тиiстi алаңмен ғимаратқа кiруi; туристiк серуенге және бағытқа шығатын учаске алаңы ыңғайлы жайғасуға тиiс. Көзi нашар көретiн, көзi көрмейтiн және естiмейтiн туристер үшiн учаскелер жарықтық, түрлi-түстi, фактуралық (жүрiп өткенше) дыбыстық бағдарлар жүйесiмен жабдықталуға тиiс.
Тармақ 8
8. Қоғамдық пайдалану орындары, үйлер мен ғимараттар, туристік және серуендеу маршруттары ақпараттық белгi жүйесiмен жабдықталуға тиiс, ол мыналарды:
Тармақша 1
1) үйлер мен ғимараттардың кiре берiсiнде, туристiк бағыттың басында, барысында және аяғында, демалыс үшiн жабдықталған алаңдардың, қоғамдық көлiк аялдамаларының, автотұрақтың, сервистiк құрылғылар мен автоматтардың жанында және аумағында орнатылған, түсiнуге жеңiл көрсеткiштердi;
Тармақша 2
2) маршруттардың жолында және жаяу жүргiншiлер жолында құрылыс кедергiлерiнiң, қауiптi учаскелердiң бар екендiгі туралы, сондай-ақ қозғалыс бағытының кенеттен өзгеретiн жерiнде немесе ылдый жерлерде ескерту белгiлерiн;
Тармақша 3
3) тәулiк уақыты, әр түрлi бағыттағы объектiлердің орналасқан жерлерi мүгедектігі бар адамдардың қатысуымен өткiзiлетiн жоспарланған iс-шаралар, сервистiк құрылғылар мен автоматтарды пайдалану ережелерi туралы мәлiметтер бар ақпараттық стендiлер мен қондырғыларды қамтиды.
Тармақ 9
9. Объектiлердiң аумағында аллеяның, жолдардың, ашық алаңдар мен функционалдық аймақтардың үздiксiз жүйесi көзделуге тиiс, онда мүгедектігі бар туристердiң қозғалысы (серуенi) үшiн жақсылап жабдықтау құралдары арқылы жағдайлар жасалынады және үнемi қолдап отырылады.
Тармақ 10
10. Ағаштар мен бұталы өсімдiктер бордюрлiк тастан немесе бордюрсiз жүргiншiлер жолының шетiнен кемiнде 0,9 метр қашықтықта орналастырылуға тиiс. Көгалдандыру үшiн биiктiгi 0,5 метр аласа және 1,1 метр биiк бұталы өсiмдiктердi пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Көгалдандыру үшiн тiкенек өсiмдiктердi пайдалануға тыйым салынады. Ағаш көшеттерiн бүкiл аумаққа еркiн шолу бағдарын қамтамасыз ету үшiн аллея және кiшiгiрiм топтар түрiнде отырғызу керек.
Тармақ 11
11. Тротуарлық плиткалар немесе жаяу жүретiн жолдардың басқа да бүркеншiктерi (бортик немесе бордюр болмаған кезде) жердiң үстiңгi қабатынан кемiнде 2,5 сантиметр биiктiкте қалануға тиiс. Адамдар жүретiн жолдарда ағаштар, бағаналар, шағын сәулет нысандары орналасқан жағдайда, арнаулы түрлi-түстi белгiсi бар қоршаулы бордюрлер немесе бұталы өсiмдiктерден, шөп гүлзәрлерiнен жасалған «жұмсақ бөгеттер», жұмыр тастардан төсенiштер салыну керек. Көздерi нашар көретiндер бөгеттiң бар екендiгi туралы ескертiлуге тиiс белгiлер кемiнде 1,5-2,0 метр ара қашықтықта көзделуге тиiс.
Тармақ 12
12. Жаяу жүретiн жолдар мен тротуарлардың енi кресло-арбалармен екi жақты қозғалыс кезiндегi қауiпсiздiгi үшiн кемiнде 1,8 метр болуға тиiс.
Тармақ 13
13. Жаяу жүретiн жолдар мен тротуарлардың ұзына бойы – 5%-тен, көлденеңi – 2%-тен аспауға тиiс. Егер рельефтiң шарттары бойынша көрсетiлген шектеулердi қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда, ылдыйды бойлай көлденең алаңдар орналастыра отырып, кемiнде 12 метр созылатын жолға ұзындықты 10 %-кe дейiн көбейтуге рұқсат етiледi, кресло-арбаларды пайдаланатын мүгедектігі бар адамдар үшiн арнаулы жолдарды немесе пандустарды қарастыру керек.
Тармақ 14
14. Тротуарлар мен жаяу жүретiн жолдардың бүркемелерi тайғанақтауға жол бермейтiн қатты және төзiмдi материалдардан жасалуға тиiс. Себiндi, шамадан тыс кедiр-бұдырланған немесе құрылыс материалдарын пайдалануға тыйым салынады. Бетон плиталарынан жасалған бүркенiштер биiктiгi жағынан ысырылып төгiлмеуге тиiс, плиталар арасындағы жiктердiң енi 1,5 cантиметр аспауға тиіс.
Тармақ 15
15. Тротуарлар мен жаяу жүретiн жолдардың бүркенiштерi айналадағы жердiң бетiнен түсi мен материалы жағынан ерекше болуға тиiс. Тротуарлар мен жаяу жүретiн жолдардың жиегiнде (бойында) қозғалыс бағыттарының көрсеткiштерi болуға тиiс. Олар тротуарлардың деңгейiнен 10 сантиметр шығып тұратын бордюрлiк тастан жасалынады.
Тармақ 16
16. Парк аллеялары мен жолдарға жанасып жатқан және демалысқа арналған алаңдарда орындықтар орнатылуға, ал кресло-арбалардағы мүгедектігі бар адамдар үшiн қосымша бос жер (алаң) бөлiнуге тиiс. Орындықтарды аллеяның бойын жағалай орналастыру кезiнде аллеяның бойында кемiнде 0,9 метр және қақ ортасында 1,2 метр және аллеяның немесе жолдың ось сызығына 45 о жоғары бұрыштық орындықтарды орналастыру кезiнде 1,5 метр және 1,6 метр болатын бос кеңiстiк болуға тиiс.
Тармақ 17
17. Көзi нашар көретiн мүгедектігі бар адамдар үшін жаяу жүретiн жолдар дыбыстық және шолу ақпараттарымен сүйемелденуге тиiс. Көзi көрмейтiндер үшiн сезiм ақпараттары тротуарларға орналастырылады және жiңiшке таяқпен немесе аяқты тигiзу арқылы сезiледi.
Тармақ 18
18. Жарық беретiн құрылғылар, фонарлар, жер бетiндегi судың ағуына арналған су тартқыштар мен торлар жаяу жүретiн жолдың бiр жағына орнатылуы керек.
Тармақ 19
19. Көпшiлiк болатын қоғамдық орындардағы негiзгi жаяу жүретiн жолдардың бойында бір-бірінен 400 метрден аспайтын ара қашықтықта орындықтары мен таксофондары бар демалыс алаңдары орналастырылуға тиiс.
Тармақ 20
20. Көпшiлiк пайдаланатын жерлерде орналасқан таксофондардың кемiнде бiреуi алаңның бүркенiш деңгейiнен 0,8 метрден артық болмайтын биiктiкке орнатылуға тиiс.
Тармақ 21
21. Почта жәшiгiнiң қабылдау ойығының деңгейiн жаяу жүретiн жолдың үстiнен 1,3 метрден артық болмайтын биiктiкке орналастыру керек.
Тармақ 22
22. Жағажайда көлеңкелi қалқасы бар және өте биiк емес сәндi қоршалған шағын учаскелер жабдықталуға тиiс. Учаскелер қатты бүркенiшi бар, енi кемiнде 65 сантиметр болатын суға жалғасатын жолмен қосылуға тиiс.
Тармақ 23
23. Суға түсу кезiнде және шомылатын аймақта биiктiгi 90 сантиметр болатын және мүгедектігі бар адамдардың суға толық батуына жеткiлiктi ұзындықта тiреуiш тұтқасы қондырылуы керек. Шомылатын аймақтағы судың түбi балдырлардан, iрi тастардан тазартылуға тиiс және топырақты болуы керек.
Тармақ 24
24. Қоғамдық әжетханалар кресло-арбалардағы мүгедектігі бар адамдар оңай және кедергiсiз жете алатындай аумақта орналастырылуға тиiс. Қоғамдық әжетханалардағы кiреберiстерде табалдырықтар болмау керек.
Тармақ 25
25. Аумақ таза ұсталынуға тиiс, қоқыстарды жинауға арналған урналар орналастырылады. Қыста аумақ қардан және мұздан тазартылуға, жазда суарылуға тиiс. Қақпағы бар қоқыс жинағыштар ғимараттан 25 метр қашықтықта цементтен немесе асфальттан бүркенiшi бар немесе кемiнде 1,5 метр биiктiкте қоршалған алаңда орналастырылуға тиiс. Қоқысты шығару 213 көлемде толған кезде, тәулiгiне бiр рет жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Ғимаратқа қойылатын талаптар
3-тарау. Ғимаратқа қойылатын талаптар
Тармақ 26
26. Туристiк инфрақұрылымдардың қоғамдық үйлерi мен ғимараттары (қонақ үй, спорттық ғимараттар, көпшiлiк тамақтанатын кәсiпорындар, сауда орындары) қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерiне, санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келуге тиiс. Мүгедектігі бар туристерге арналған барлық бөлмелер бiр қабатты ғимараттарда немесе көп қабатты ғимараттың бiрiншi қабатында орналастырылуға тиiс. Кресло-арбалармен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарға арналған бөлмелерде пандустар болуға тиiс. Жетектеп жүретiн иттерi бар көздерi көрмейтiн мүгедектігі бар адамдар үшiн иттердi ұстауға арналған орындар көзделуге тиiс.
Тармақ 27
27. Объектiнiң ғимаратында қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерiне және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес шаруашылық ауыз суы және ыстық су, жылу, жарық канализация болуға тиіс.
Тармақ 28
28. Сатыларда кемiнде үш басқыш болуға тиiс. Сатылар саңылаусыp, тегiс, томпақ, шығыңқы жерсiз, үстiңгi қабаты бұдырмақты болуға тиiс. Басқыштың қабырғасы 5 cантиметрден артық болмайтын радиуста жұмырлау болуға тиiс. Қабырғаға жанаспайтын иiрiлмелi басқыштың екi алаңша арасындағы бөлiгiнiң қапталындағы жиегiнде аяқтың, таяқтың, балдақтың тайып кетпеуiн болдырмау үшiн биiктiгi кемiнде 2сантиметр болатын бортиктер болуға тиiс. Сатылар үшiн шығыңқы жерлердiң енi кемiнде 40 cантиметр, басқыштар өрiнiң биiктiгi 12 сантиметрден артық болмауға тиiс.
Тармақ 29
29. Соқырлар мен көзi нашар көретiндер үшiн жоғарыға көтерiлетiн және төменге түсетiн сатылар, сатылардың бiрiншi және соңғы басқыштарының тұтқалары кедiр-бұдырлы етiп жасалынуға және қарама-қарсы түстермен белгiленуге тиiс.
Тармақ 30
30. Пандустың әрбiр өрiнiң басына және аяғына енi кемiнде пандустың енiндей және ұзындығы кемiнде 1,5 метр болатын көлденең алаңдар орналастыру керек. Пандус бағыты өзгерген кезде алаңның енi кресло-арбаның бұрылуына мүмкiндiктi қамтамасыз етуге тиiс.
Тармақ 31
31. Пандус пен алаңның сыртқы қапиталының жиегi бойынша биiктiгi кемiнде 5 сантиметр болатын бортиктер көзделуге тиiс.
Тармақ 32
32. Пандустың екi жағында немесе мүгедектігі бар туристердiң қозғалуына арналған иiрiлмелi басқыштың екi алаңша арасындағы бөлiгiнде тұтқасы бар биiктiгi кемiнде 0,9 метр болатын қоршау көзделуге тиiс. Мұндай жағдайларда тұтқалар екi жақты көзделуi керек, бiреуi биiктiгi кемiнде 0,7 және 0,9 метр болатын жасы үлкен мүгедектігі бар туристерге арналған тұтқа, екiншiсi биiктiгi 0,5 метр болатын мектеп жасына дейiнгi балаларға арналған тұтқа. Тұтқалардың ұзындығы пандустың немесе сатылар бөлiгiнiң ұзындығынан үлкен болуға тиiс, олардың әрбiр жақтары кемiнде 0,3 метр болады. Тұтқалар диаметрi кемiнде 3 сантиметр болатын және 5 сантиметр артық болмайтын дөңгелектеп қиылуға немесе қалыңдығы 4 сантиметр артық болмайтын тiкбұрыштап қиылуға тиiс.
Тармақ 33
33. Мүгедектігі бар туристерге арналған үйлер мен ғимараттарға кiреберiстер атмосфералық жауын-шашыннан қорғалуы керек және кiреберiсте мөлшерi кемiнде 1,0x,5 метр болатын құрғататыны бар және жергiлiктi климаттық жағдайларға байланысты жылытатыны бар алаңдар көзделуге тиiс.
Тармақ 34
34. Бөлмелердiң, санитарлық-тұрмыс үйлерiнiң есiктерi ойығының енi кемiнде 1,2 метр болуға тиiс. Үйлердiң кiре берiсi автоматты түрде ашылатын және жабылатын, не ысырылмалы есiктермен жабдықталуға тиiс, дәлiздерде мүгедектігі бар адамдардың жүрiп-тұруы үшiн қабырғаны бойлай тұтқалар жасалынады.
Тармақ 35
35. Душқа түсетiн бөлмеде еденнiң деңгейiнен 90-130 сантиметр биiктiкте тiк тұтқа, ал ваннаға түсетiн бөлмеде ваннаны пайдалану үшiн көлденең тұтқа көзделуге тиiс.
Тармақ 36
36. Көпшiлiк пайдаланатын әжетханаларда кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшiн қабырғаға құрастырылған қапсырма темiр түрiндегi арнаулы құрылғылармен жабдықталған кемiнде бiр кабина болуға тиiс. Кабиналардың енi кемiнде 1,65 метр және тереңдiгi кемiнде 1,8 метр болуға тиiс.
Тармақ 37
37. Автокөлiкте (автобус, шағын автобус), темiр жол көлiгiнде арбалармен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды көтеруге, тасымалдауға және одан шығаруға арналған арнаулы құрылғылар болуға тиiс. Туристiк үлгiдегi темiр жол вагонында арбадағы мүгедектігі бар жолаушыларға арналған орындар вагонға кiреберiсте орнатылуға тиiс. Купе бiр орындық немесе екi орындық (жоғары төсекке мүгедектiгі бар адамды сүйемелдеп жүретiн тұлғаны орналастыра отырып) болуға тиiс және тұтқалармен жабдықталуы керек.
Тармақ 38
38. Аялдама пункттерiнiң алаңшаларында турникеттармен, платформалармен, пандустармен жабдықталған және ақпараттық белгiмен қамтамасыз етiлген мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы аймақтар болуға тиiс. Отырғызатын аймақтың енi кемiнде 1,5 метр болуға тиiс. Отырғызатын платформаның биiктiгi автокөлiк құралы еденiнiң деңгейiнде болуға тиiс.
Тармақ 39
39. Әуежай, темiр жол вокзалдарының және автовокзалдардың ғимараттары мүгедектігі бар адамдар үшiн арнаулы жабдықталған кiреберiстерiмен қамтамасыз етiлуге және тиiстi белгiмен және символмен қамсыздандырылуға тиіс.
Тармақ 40
40. Вокзалдардың перрондары мүгедектігі бар адамдарды отырғызу орындарына және олардың бағдарларына кедергiсiз тәсiлдердi қамтамасыз етуге тиiс. Аса қауiптi аймақтар арнаулы қоршаулармен, ескерту символдарымен, фактуралық-ақпараттық төсенiштермен, ал қажет болған кезде жарықтық және дыбыстық сигналдарымен жабдықталуға тиiс.
Тармақ 41
41. Темiр жолдар арқылы өткелдер арнаулы төсенiш төселген пандустармен жабдықталуға тиiс. Өткелдiң енi кемiнде 1,5 метр болуға тиiс. Темiр жол рельсiнiң көтерiңкi бөлiгi өткелдiң бүркенiшiнен 45 миллиметрден аспауға тиiс.
Тарау 4. 4-тарау. Персоналға қойылатын талаптар
4-тарау. Персоналға қойылатын талаптар
Тармақ 42
42. Стационарлық туристiк объектiлерде мүгедектігі бар туристерге дәрiгерлiк медициналық көмек көрсету үшiн медикаменттермен жабдықталған медициналық пункттер болуға тиiс. Туристiк жорықтар кезiнде топтарды медицина қызметкерлерi алып жүруге тиiс.
Тармақ 43
43. Мүгедектігі бар туристерге қызмет көрсететiн барлық персонал халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игiлiгi саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiпте жұмысқа қосылар кезде алдын ала және одан әрi кезеңдiк медициналық тексеруден өтуге мiндеттi. Әрбiр қызметкерде медициналық тексерудiң нәтижелерi мен гигиеналық оқудан өткенi туралы деректер жазылған жеке медициналық кiтапша болуға тиiс. Медициналық кiтапша жұмыс орынында сақталуға тиiс.
Тармақ 44
44. Барлық туристiк инфрақұрылым түрлерiнiң персоналы мүгедектігі бар туристердiң демалысын қамтамасыз ету жөнiнде арнаулы дайындықтан өтуге тиіс.