О внесении дополнений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 3 июля 2004 года № 6/80-III "Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг", регистрационный номер 1883 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
“Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелерін бекіту туралы” Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 3-шілдедегі № 6/80-ІІІ, тіркеу нөмірі 1883 шешіміне толықтырулар енгізу туралы III шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының VII сессиясының 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/92-III шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 12 қазанда № 1978 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 наурыздағы № 10/144-III шешімімен "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23- қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабының, "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 568 Заңының негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. 2004 жылғы 24-шілдедегі № 77-78 "Дидар" және 2004 жылғы 22-шілдедегі № 110 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 3-шілдедегі № 6/80-ІІІ (тіркеу нөмірі 1883) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) атауы және шешімнің 1-тармағы "үй-коммуналдық қызметке" сөздерінен кейін "және байланыс қызметтеріне" сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) аталған шешіммен бекітілген Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру ережелерінде: "үй-коммуналдық қызметті" сөздерінен кейін 1-тармақ "қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтері" сөздерімен, "коммуналдық қызметтерді" сөздерінен кейін 4-тармақ "қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтерді" сөздерімен, "коммуналдық қызмет" сөздерінен кейін 5-тармақ "қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтерді" сөздерімен толықтырылсын; "лифттерді қамту)," сөздерінен кейін 6-тармақ "қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтерді" сөздерімен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы "Телефон үшін абоненттік төлем тарифтері жоғарылауының өтемақысын төлеу тәртібі "Қалалық телекоммуникация жүйелерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің жоғарылау өтемақысының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9-қыркүйектегі № 949 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады" 6-1 тармақпен толықтырылсын; "коммуналдық қызметтерге" сөздерінен кейін 7-тармақ "байланыс қызметтерге" сөздерімен, "коммуналдық қызмет" сөздерінен кейін 11-тармақ "байланыс қызмет" сөздерімен толықтырылсын; "үй-коммуналдық қызметке" сөздерінен кейін 13-тармақ "байланыс қызметтеріне" сөздерімен толықтырылсын; "коммуналдық қызметке" сөздерінен кейін 18, 26-тармақтар "байланыс қызметтеріне" сөздерімен толықтырылсын; "тұрғын үйді пайдалану" сөздерінен кейін 21-тармақ "және байланыс қызметтері" сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2004 жылғы 10-шілдеден іске енгізіледі.