О внесении дополнений и изменений в постановление акимата Акмолинской области от 3 августа 2004 года № а-7/185 «О комиссии по проведению конкурсов инвестиционных программ на получение права недропользования на общераспространенные полезные ископаемые в Акмолинской области», зарегистрированное в Департаменте юстиции Акмолинской области от 24 августа 2004 года за № 2756 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
“Ақмола облысында жалпы кең тараған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия кұру туралы” облыс әкімдігінің 2004 жылғы 3 тамыздағы №а-7/185 қаулысына (Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылдың 24 тамызында №2756 болып тіркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. “Ақмола облысында жалпы кең тараған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия құру туралы” облыс әкімдігінің 2004 жылғы 3 тамыздағы №а-7/185 қаулысына (Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылдың 24 тамызында №2756 болып тіркелген, “Акмолинская правда” газетінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі №108 (17427) санында жарияланған) төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) бірінші қосымшасындағы “Ақмола облысында жалпы кең тараған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия құрамы” 2 - жолда “комиссия хатшысы” сөздерінен кейін комиссия мүшесі” сөздерімен толықтырылсын; төмендегі мазмұнды 13 - жолмен толықтырылсын: “13. Қасымбеков Біржан Шорабекұлы - “Центрказнедра” АБ жер қойнауын корғау жөніндегі Ақмола инспекциясының бастығы (келісім бойынша);
Тармақша 2
2) екінші косымшасындағы “Ақмола облысында жалпы кең тараған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия туралы ереженің” 11-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының күші 2004 жылдың 6 қазанынан бастап қалыптасқан құкықтық қатынастарға таралады.