О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2004 года № 929 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 929 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 33, 445-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 24 қыркүйектегі
N 1436 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі
N 929 қаулысымен
бекітілген
Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесі
Р/с
N
Қызметтер тізбесі
Нөмірлеу
1
2
3
1.
Ішкі істер органдары
102
2.
Жедел медициналық жәрдем қызметі
103
3.
Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі
101
112
4.
Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер
104
109х
5.
Жергілікті байланыс операторларының анықтамалық қызметі
118хх
Ескертпе:
х - 0-ден 9-ға дейінгі қосымша сандық мәндер;
хх - 00-ден 99-ға дейінгі қосымша сандық мәндер.