О внесении дополнений в решение маслихата от 3 сентября 2004 года № 99 «О регламенте Костанайского районного маслихата» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 99 «Қостанай аудандық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығы, жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі деңгейін арттыру, әкімдердің мәслихаттар алдында есептілігін қамтамасыз ету негізінде және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 8-бабының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай аудандық мәслихатының 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 99 «Қостанай аудандық мәслихатының регламенті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3155, 2004 жылғы 15 қазандағы № 42 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), бұрын мәслихаттың шешімімен енгізілген өзгерістер 2005 жылғы 2 маусымдағы № 175 «Мәслихаттың 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 99 «Қостанай аудандық мәслихатының регламенті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-5, 2005 жылғы 1 шілдедегі № 29 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 3 тараудың 10 тармағы келесі сөйлеммен толықтырылсын: Мәслихаттың сессиясы Қазақстан Республикасының Әнұранын тыңдаудан басталады.
2) 1 тараудың 2 тармағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарымен» сөзінен кейін үтір арқылы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығымен» толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.