О внесении изменений в постановление от 3 октября 2005 года № 1276 "Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 және 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Костанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (тіркеу нөмірі 9-1-25, "Қостанай" газеті, 2005 жылғы 28 қазандағы) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығына, аталған қаулыға қосымша: 2-тармақтың 3)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын: "3) жастар тәжірибесі - жұмыс тәжірибесі жоқ, бастауыш, орта және кәсіптік жоғары оқу орындарының бітірушілерін, алған мамандықтары бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, жұмыстарын, тәжірибелік білім, шеберлік, дағдыларын алу мақсатында уәкілетті органның жолдауы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру"; 6-тармақ келесі редакцияда жазылсын: "6. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және оларға еңбекақы төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссия жазбаша арыздары негізінде халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейді".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А. Нұрғазиновқа жүктелсін.