О внесении изменений и дополнений в постановление от 3 октября 2005 года № 1276 "Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения" Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 және 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Бюджет кодексінің" 53-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 03 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына (тіркеу нөмірі 9-1-25, "Қостанай" газеті, 2005 жылғы 28 қазандағы, 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 108 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 03 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" тіркеу нөмірі 9-1-38, "Қостанай" газеті 2006 жылғы 3 наурыздағы, 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 931 "Қостанай" қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы", тіркеу нөмірі 9-1-81, "Қостанай" газеті 2007 жылғы 29 мамырдағы № 42, мынадай өзгерістер енгізілсін:
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығына, аталған қаулыға қосымша:
10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу үшін жұмыс берушінің шығындарының елу пайызы көлемінде қалалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі, бірақ ең төменгі жалақысынан аспайтын; жастар тәжірибесіне - алты айдан аспайтын мерзімге ең төменгі жалағынын бір жарым көлемінде еңбекақы."
12-тармағы келесі сөйлеммен толықтырылсын:
"Жұмыс берушіге, әлеуметтік салық және әлеуметтік аудару шығындары шектелінген еңбекақы қала бюджет қаражатынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қаражатына өтеледі."
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х. Ержановқа жүктелсін.