О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 3 апреля 2006 года № 226/5 "О возмещении затрат за проезд на общественном пассажирском транспорте отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2006 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі "2006 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу туралы" № 226/5 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Екібастұз
қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы "Екібастұз
қалалық мәслихатының 2005 жылғы 9 желтоқсандағы "Екібастұз
қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы" № 264/22 шешімін
іске асыру туралы" № 881/12 қаулысын орындауда, қала
азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру үшін шығындарын өтеу бойынша бюджеттік қаражаттарды неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында, Екібастүз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастүз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі "2006 жылға Екібастүз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын өтеу туралы" (2006 жылғы 13 сәуірде нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің № 12-3-50 тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 20 сәуірде "Вести Экибастуза" және 2006 жылғы 20 сәуірде "Отарқа" газеттерінің № 16 нөмірлерінде жарияланған) № 226/5 қаулысына (әрі қарай -Қаулы) келесі өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) қаулының 4 тармағындағы "ай" сөзі "тоқсан" сөзіне өзгертілсін.
"қоғамдық жолаушылар көлігінің маршруттарында" сөздері "қала ішіндегі жолаушылар көлігі маршрутарында" сөздеріне ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) қаулының 4 тармағы келесі мазмұндағы: "Ай сайын саяжай
маусымында "Қала-саяжай" қоғамдық жолаушылар көлігінде
жолаушылар ағынының тексеру актісін құру" азатжолымен
толықтырылсын.
Тармақша 3
3) қаулы келесі мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 4-1
"4-1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (В.В. Воронков), "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне пайыздық қатынаста Екібастүз қаласының қала ішіндегі жолаушыларды тасымалдаудың жалпы көлемінде әр Кәсіпорынның қатысу үлесі туралы мәлімет берсін".
Тармақша 4
4) 5-тармақтың 2 тармақшасы келесі мазмүнда жаңа
редакцияда берілсін:
"есеп айыруды құру:
Кәсіпорындарға азаматтардың жекеленген санаттарының қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығындарын осы
қаулының 4-1 тармағына сәйкес әр Кәсіпорынның қатысу үлесі туралы мәліметі бойынша өтеу;
"Қала-саяжай" қоғамдық жолаушылар көлігінде жолаушылар ағынының тексеру актісі бойынша:
Тармақша 3
"3) Кәсіпорындарға шығынды өтеу осы қаулының 1 тармағының 4) тармақшасында көрсетілген есеп айыру негізінде жүргізу" 3) тармақшасымен толықтырылсын
Тармақ 2
2. 0сы қаулы 2006 жылдың 1 қаңтарынан туындаған құқықтық қатынаста таратылады, әрі оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
З. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарлары Ғ.Ш.Балтабековаға және С.М. Көшімбаевқа жүктелсін.