О внесении изменений и дополнений в решение Атбасарского районного маслихата от 3 марта 2006 года № С 27/4 «О Правилах присвоения звания «Почетный гражданин Атбасарского района» Қолданыста
Басқа 0
Атбасар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы» № С 27/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Атбасар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы» № С 27/4 шешіміне, Ақмола облыстық Әділет Департаменті Атбасар ауданының Әділет Басқармасында 2006 жылғы 21 наурызында № 1-5-40 тіркелген, «Атбасар» газетінде 2006 жылы 7 сәуірде, «Простор» газетінде 2006 жылы 14 сәуірде жарияланған, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Атбасар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы» № С27/4 шешіміне қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет Департаменті Атбасар ауданының Әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен соң және ресми жарияланғаннан бастап күшіне енеді.
Басқа 4
Атбасар аудандық мәслихатының
2006 жылғы 8 кыркүйектегі «2006 жылғы
3 наурыздағы «Атбасар
ауданының құрметті
азаматы» атағын беру Ережесі туралы
№ С 27/4 шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы» № С 33/6
шешімімен БЕКІТІЛГЕН
қосымша
Атбасар аудандық мәслихатының
2006 жылғы 3 наурыздағы «Атбасар
ауданының құрметті азаматы» атағын
беру Ережесі туралы № С 27/4
шешімімен БЕКІТІЛГЕН
қосымша
«Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Ережелері
Тарау 1. 1. Кіріспе
1. Кіріспе
Тармақ 1
1. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру (мәтін бойынша алдағы - Атақ), азаматтың еңбек сіңірген жемісті қызметіне қоғамдык кабілеттілігін айту, дарындылығын және ынтасын рухани ынталандыру болып табылады.
Тарау 2. 2. Атақ алуға құқығы
2. Атақ алуға құқығы
Тармақ 2
2. Атақ еңбек еткен кезеңде ауданның дамуына айрықша елеулі үлес қосып. еңбекке деген кіршіксіз адал және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірдегі белсенді әрекеті үшін ауылдастарының қадіріне бөленген, мемлекеттік наградалармен марапатталған, ауданда 20 және одан да көп жылдар еңбек еткен Атбасар ауданының тұрғындарына және тумаларына беріледі.
Тармақ 3
3. Айрықша кұрмет белгісіне Атақ, елдер мен қалалардың арасындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдениет байланыстарын, ынтымақтастық пен тату көршілікті дамытуға, халықтардың достығын нығайтуға ықпалын тигізген басқа мемлекет азаматтарына берілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Атақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихат сессиясының шешімімен беріледі.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру
3. Қаржыландыру
Тармақ 5
5. Куәлік, кеуде белгісін, диплом дайындаудағы шығыстар белгіленген заң тәртібімен және аудандық мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Атақ беру туралы ұсыныстарды қарау тәртібі
4. Атақ беру туралы ұсыныстарды қарау тәртібі
Тармақ 6
6. Атақ беру туралы аудан әкіміне өтініш селолық жиын шешімі негізінде селолық округ әкімдерімен, ұжым жиналысы шешімі негізінде өндірістік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер басшыларымен, конференция және жиналыс шешімі негізінде қоғамдық ұйымдар, партиялар басшыларымен сәйкес негіздемемен және мінездемемен берілуі мүмкін.
Тармақ 7
Кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, партиялардың ұсыныстары жалпы жиналыстарында немесе конференцияда қаралып, егер қатысушылардың жартысынан астамы қолдаса, қолдады деп саналады, және аудандық әкімдікке беріледі.
Тармақ 7
7. Атақ беру туралы ұсыныс аудандық мәслихат депутаттарымен енгізілуі мүмкін (депутаттар саны 1/2-ден кем емес). Ардагерлер мен мүгедектер, жастар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, заңдылық, азаматтар құқығы мен құқықтық тәртіп ісі жөніндегі мәслихат комиссиясы екі жеті ішінде ұсынылған кандидаттар жөнінде аудандық мәслихат сессиясында қаралу үшін қорытынды дайындауға тиісті.
Тарау 5. 5. Атақ беруге ұсыну тәртібі
5. Атақ беруге ұсыну тәртібі
Тармақ 8
8. Ұсынылған кандидатқа аудандық әкімдік келесі кұжаттарды қосып аудандық мәслихатқа ұсыныс береді:
Тармақша 1
1) аудандық мәслихат сессиясында қарастыру үшін ұсынылған кандидат жөнінде қорытынды;
Тармақша 2
2) еңбек ұжымдарының немесе қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, партиялардың өткізген жиналыстарының хаттамалары;
Тармақша 3
3) өмірбаян деректері;
Тармақша 4
4) айрықша қызметін, мемлекеттік наградаларының тізбесі мен көшірмелерін куәландыратын құжаттар.
Тармақ 9
9. Атақ беру туралы мәслихат шешімі ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 10
10. Атақ беру, тәртіп бойынша, Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелеріне орайластырылады және әйгіленіп әрі салтанатты жағдайда беріледі.
Тармақ 11
11. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағына лайықталған әрбір түлғаға аудандық мәслихат хатшысы мен аудан әкімі:
Тармақша 1
1) куәлік
Тармақша 2
2) кеуде белгісі
Тармақша 3
3) диплом тапсырады.
Тармақ 12
12. Атаққа лайықталған тұлғалар куәліктің, кеуде белгісінің және дипломның сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Атаққа лайықталған тұлға қайтыс болған жағдайда, туысқандарының немесе мұрагерлерінің қалауынша құжаттар мұражайға сақтауға және көрмеге қоюға тапсырылуы мүмкін.
Тарау 6. 6. Кеуде белгісі мен дипломның сипаттамасы
6. Кеуде белгісі мен дипломның сипаттамасы
Тармақ 14
14. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» кеуде белгісі сары түсті металдан дайындалады, ол диаметрі 30 миллиметр және қалыңдығы 4 миллиметр болатын шеңбер.
Белгінің бет жағында мемлекеттік тілде жазылған «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» жазуы бар, одан басқа: шаңырақ, ат, масақ, лавр бұтағы бейнеленген мәтіні дөңес. Белгі құлағы мен сақинаның көмегімен көлденеңі 30 миллиметрлік, биіктігі 15 миллиметрлік тік бұрышты негізге бекітілген. Негіз сары түсті металдан жасалады. Негіздің бет жағы көк түспен боялған, күн нұрларымен оюланған және бүркіт бейнеленген, сонымен қатар жоғарғы және төменгі сызықтары - дөңес.
Тармақ 15
15. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» дипломы қатқыл ақ қағаздан жасалады. Мұқабасында мемлекеттік тілде «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» Дипломы атты жазуы болады.
Дипломның ішкі бетінде: түрлі-түсті бояулы Қазақстан Республикасының Ел таңбасы және «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы аудандық мәслихат сессиясы шешімінің мемлекеттік тілдегі мәтіні.
Диплом Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы түстес арнаулы папкаға салынады.
Тарау 7. 7. Атбасар ауданының Құрметті азаматтарын тіркеу
7. Атбасар ауданының Құрметті азаматтарын тіркеу
Тармақ 16
16. Атбасар ауданының Құрметті азаматтарын тіркеу «Құрмет кітабында» тіркеледі.
Тарау 8. 8. Көрсетілетін көмекті беру тәртібі мен мөлшері
8. Көрсетілетін көмекті беру тәртібі мен мөлшері
Тармақ 17
17. Атбасар ауданының Құрметті азаматтарына жылына бір рет жергілікті өкілетті орган шешімі белгілеген көлемде әлеуметтік жәрдем (451-007 бағдарламасы бойынша) көрсетіледі.
Тарау 9. 9. Атақтан айыру және қалпына келтіру
9. Атақтан айыру және қалпына келтіру
Тармақ 18
18. Атақтан айыру аудандық мәслихат сессиясының шешімімен мына жағдайларда жүргізілуі мумкін:
Тармақша 1
1) қылмыс жасағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіпте соттың үкімі бойынша сотталған азаматтар;
Тармақша 2
2) «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы өтініш еткен ұжымның ұсынысы бойынша, Құрметті азаматтық атағына кір келтіретін теріс қылық жасаған тұлғалар.
Тармақ 19
19. «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағынан айрылған тұлғалар кеуде белгісін, куәлігін қайтарып береді, Құрмет кітабынан шығарылады.
Тармақ 20
20. Заңсыз сотталған және сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғалар «Атбасар ауданының Құрметті азаматы» атағы құқығын қалпына келтіреді.